Әлем чемпионатында тұңғыш алтын медаль жеңіп алған палуанымызға қандай сыйақы беріледі

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі еркін күрестен Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алған Ризабек Айтмұқанның сыйақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ризабектің өзіне 15 доллар табысталады.
"Бұдан бөлек, 15 мың долларды бапкерлері бөліп алады", - дейді мамандар.
Айта кетері, Сербияда өткен әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда жерлесіміз әзірбайжандық Осман Нұрмағамедовты тізе бүктірді.
Президент Тоқаев палуанымызда өз құттықтауын жолдады.
еркін күрес чемпионат - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
Еркін күрестен Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық жеңімпаз атанды
Жаңалықтар
0