https://sputnik.kz/20230918/turmege-qamalasyz-ministrlik-politseylerge-para-usynbaudy-surady-38541790.html
"Түрмеге қамаласыз!": министрлік полицейлерге пара ұсынбауды сұрады
"Түрмеге қамаласыз!": министрлік полицейлерге пара ұсынбауды сұрады
Sputnik Қазақстан
Бүгінде тәртіп сақшылары арасында жасырын тексеріс жүріп жатыр 18.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-18T11:11+0500
2023-09-18T11:11+0500
2023-09-18T11:11+0500
полиция
пара
https://sputnik.kz/img/1142/95/11429559_0:155:2001:1280_1920x0_80_0_0_8a89f3f24fbd500b8b86b80c7eb33d08.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі полицейлерге пара ұсынбауға үндеді. Бүгінде тәртіп сақшылары жасырын тексерістердің жүріп жатқанын біліп, бірден өзіндік қауіпсіздік қызметіне хабарлайды.Жыл басынан бері пилоттық жоба аясында мыңдаған полицей тексерілді. Бір басшы жұмыстан босатылды, ондаған қызметкер қатаң сөгіс алды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары жасырын тексерістің жүріп жатқанын біледі. Оған қоса, электронды жетонды бұрынғыдай сөндіруге рұқсат жоқ. Оларды онлайн режимде бақылап отырады.Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басқарма бастығы Әділғожа Құсайыновтың айтуынша, бүгінде полицейлер параны ұсынып жатқанын бірден хабарлайды.Осы орайда басқарма бастығы полицейлерге пара ұсынғаны үшін Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша қылмыстық жазаның бар екенін еске салды. Осы баптың санкциясымен айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылдың өзінде полиция қызметкерлеріне пара ұсынған 103 адам анықталды,ал осы жылы осындай 99 факт тіркелді. Пара берушілердің көбісіне пара сомасының 20-дан 30-ға дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салынды, ал кейбіреулері бас бостандығынан айырылды.
https://sputnik.kz/20230731/politseyler-para-aluga-qorqady--ministrlik-sebebin-tusindirdi-37167715.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1142/95/11429559_89:0:1866:1333_1920x0_80_0_0_99e71a7c58a84cda2ecd306208b8e3c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, пара
"Түрмеге қамаласыз!": министрлік полицейлерге пара ұсынбауды сұрады
Бүгінде тәртіп сақшылары арасында жасырын тексеріс жүріп жатыр
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі полицейлерге пара ұсынбауға үндеді. Бүгінде тәртіп сақшылары жасырын тексерістердің жүріп жатқанын біліп, бірден өзіндік қауіпсіздік қызметіне хабарлайды.
Жыл басынан бері пилоттық жоба аясында мыңдаған полицей тексерілді. Бір басшы жұмыстан босатылды, ондаған қызметкер қатаң сөгіс алды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары жасырын тексерістің жүріп жатқанын біледі. Оған қоса, электронды жетонды бұрынғыдай сөндіруге рұқсат жоқ. Оларды онлайн режимде бақылап отырады.
Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басқарма бастығы Әділғожа Құсайыновтың айтуынша, бүгінде полицейлер параны ұсынып жатқанын бірден хабарлайды.
"Құрметті азаматтар! Сіздерге өтініш жасағым келеді. Біздің қызметкерлер оларды адалдыққа тексеріп жатқанын біледі. Сондықтан барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы олар өзіндік қауіпсіздік қызметіне тез арада хабарлайды. Өкінішке орай, көбінесе парақорлыққа бастамашылықты адамдардың, әсіресе көлік жүргізушілерінің өздері жасайды, олар осындай жолмен заңмен белгіленген жауапкершіліктен құтылуға тырысады", - деді Құсайынов бүгінгі онлайн брифингте.
Осы орайда басқарма бастығы полицейлерге пара ұсынғаны үшін Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша қылмыстық жазаның бар екенін еске салды. Осы баптың санкциясымен айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылдың өзінде полиция қызметкерлеріне пара ұсынған 103 адам анықталды,ал осы жылы осындай 99 факт тіркелді. Пара берушілердің көбісіне пара сомасының 20-дан 30-ға дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салынды, ал кейбіреулері бас бостандығынан айырылды.