Полицейлер пара алуға қорқады – министрлік себебін түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі полицейлер арасында пара алу фактілерінің күрт азайғынан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, бүгінде ішкі істер органдарында адалдыққа тексеріс жүргізіліп отырады. Оны "Integrity check" деп атайды.
"Мәселе мынада, көшеде кездескен кез келген адам тексеруші болуы мүмкін. Полицей оны білмейді. Егер тәртіп сақшысы этиканы сақтамаса, я болмаса, пара беру фактісі туралы басшылыққа хабар бермеген жағдайда тексерістен өтпеген болып саналады. Соның бәрі жеке ісінде тіркеледі. Артынан ынталандыру және қызмет бабымен көтеру кезінде ескеріледі. Дәл осы бастама қысқа уақыттың ішінде күшті нәтиже берді. Полицейлердің пара беру фактісі туралы рапорт беру көрсеткіші бес есеге өсті", - деді Алекешев бүгінгі онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде шен беру шаралары да автоматтандырылған. Мәселен, бір полицейдің шен алу мерзімі жақындаса, бұйрықтар автоматты түрде әзірленеді. Оған ешкім араласа алмайды. Басшысына ұсыныс жасаудың да қажеті жоқ.
Бұдан бөлек, полицейлердің бейнетіркеу құралдарына жазылатын барлық материал тікелей басқару орталығына түседі. Видеоны өшіруге шектеу қойылған. Ал арнайы қосымша полицейдің жүрген жерін жасыруға немесе өшіріп тастауға мүмкіндік бермейді. Бұның барлығы полицейлерді ғана емес, халықты да тәртіп сақтауға ықпал етеді.
Жаңалықтар
0