https://sputnik.kz/20230918/astanada-bank-qyzmetkerlerin-tutqynga-algan-er-adamga-qatysty-sot-ukimi-shygaryldy---38542703.html
Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған ер адамға сот үкімі шықты
Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған ер адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр 18.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-18T11:50+0500
2023-09-18T11:50+0500
2023-09-18T11:52+0500
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e7/06/12/36087524_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_161fb8a8b4856042d2339449669fbadc.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған 30 жастағы Әлихан Мурадов 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, сол күні ол суицид жасау мақсатында дәрі ішкен. Бірақ препараттың әсері болмай, ол банк ғимаратына шабуыл жасауды ұйғарған. Оны құрықтау кезінде полицейлер атып тастайды деп үміттенген. Банк бөлімшесінде бірнеше адамды тұтқынға алған Мұрадов полицейлерге хат жазып, барлық ақшаны мұқтаж адамдарға аударып беруді талап еткен.Бұған дейінгі сот отырысында банк қызметкерлері Мұрадовтың шабуыл қалай жасағанын айтып берді. Ал Мурадов кешірім сұрап, ешкімге зиянын тигізгісі келмегенін жеткізді. Оның қолында болған жарылғыш құрылғы муляж болып шықты. Жамбыл облысының тумасы бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған. 2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/12/36087524_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b81fb5146d8e0b71a83e411c92a43152.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот үкімі
Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған ер адамға сот үкімі шықты
11:50 18.09.2023 (жаңартылды: 11:52 18.09.2023) Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған 30 жастағы Әлихан Мурадов 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, сол күні ол суицид жасау мақсатында дәрі ішкен. Бірақ препараттың әсері болмай, ол банк ғимаратына шабуыл жасауды ұйғарған. Оны құрықтау кезінде полицейлер атып тастайды деп үміттенген.
Банк бөлімшесінде бірнеше адамды тұтқынға алған Мұрадов полицейлерге хат жазып, барлық ақшаны мұқтаж адамдарға аударып беруді талап еткен.
Бұған дейінгі сот отырысында банк қызметкерлері Мұрадовтың шабуыл қалай жасағанын
айтып берді.
Ал Мурадов кешірім сұрап, ешкімге зиянын тигізгісі келмегенін жеткізді. Оның қолында болған жарылғыш құрылғы муляж болып шықты.
Жамбыл облысының тумасы бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған. 2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар
есебінде тұр.