Өңірлер

Прокуратураның тексерісінен кейін вахташыларға 32 млн теңге жалақы төленді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2023
Жазылу
Жұмыс беруші вахта қызметкерлерінің жалақысын кешіктірген
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында прокурорлардың тексерісінен кейін жұмыс беруші ауысымдағы 180 жұмысшыға 32 млн теңге жалақы төледі, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" порталы.
Жылыой ауданының прокуратурасы қадағалаудағы аумақта жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.
"Теңіз кеніші аумағында "БатысТехИнвест" ЖШС жұмысшыларының жалақысын, сондай-ақ "ЖылыойСу" МКК мен "ИнтерТаско" ЖШС қызметкерлеріне зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлемеу фактілері анықталды", - делінген қадағалау органы таратқан мәлімдемеде.
Ұсынылған прокурорлық қадағалау актілерінің қорытындысы бойынша 180 қызметкерге 32 миллион теңге жалақы, сонымен қатар 744 қызметкерге 48 миллион теңге зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төленді.
КамАз - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Өңірлер
Жалақысын ала алмай ашынған ақтөбеліктер жұмыс берушінің КамАЗ-ын айдап кеткен
Жаңалықтар
0