Өңірлер

Жалақысын ала алмай ашынған ақтөбеліктер жұмыс берушінің КамАЗ-ын айдап кеткен

© Photo : ru.wikipedia.orgКамАз
КамАз - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АҚТӨБЕ, 24 шілде – Sputnik. Ақтөбе қаласында үш жұмысшы төленбей жатқан жалақылары үшін жекеменшік фирманың "КамАЗ" көлігін мініп кеткен. Үшеуі де қылмыстық жазаға тартылды, деп хабарлайды "Диапазон" порталы.
"КТП Транс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механигі көптен бері жалақысын ала алмай жүрген. Фирманың қарызы 1 миллион 267 мың теңгеге жеткен. Содан әбден ашынған жұмысшы төленбей жатқан жалақы үшін "КамАЗ" маркалы жүк көлігін айдап әкетуге шешім қабылдаған. Осы идеясын екі әріптесіне де ұсынған. Олар бірден келіскен.
Үшеуі "Ақтөбе-Орск" тас жолындағы карьерге барып, жүк көлігін айдап кеткен. Ол жерде күзет болмаған. Ал жұмыс беруші бәрін білген бойда полицияға арыз түсірген. Үш ер адам өзінше билік ету бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды.
Соттың шешімімен жүк көлігін айдап кеткендерге 612 мың 600 теңге (200 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Сотталған жұмысшылар айыппұлды 100 АЕК-ке дейін төмендетуді сұрады. Бірақ облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін айдап кеткен
Жаңалықтар
0