https://sputnik.kz/20230915/toqaev-araldy-qutqaru-qoryn-damytuga-qatysty-usynystaryn-aytty-38479065.html
Тоқаев Аралды құтқару қорын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты
Тоқаев Аралды құтқару қорын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты
Sputnik Қазақстан
Президент жоғары деңгейдегі келесі кездесуді 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды 15.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-15T12:53+0500
2023-09-15T12:53+0500
2023-09-15T12:53+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
арал теңізі
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0f/38477919_0:25:1280:745_1920x0_80_0_0_9fd2edb2ca08f4ae19f4bd5dc05cb525.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінде ұйымды одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды Ақорда.Президенттің айтуынша, қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру процесін тезірек аяқтау маңызды мәселе болып қала береді."Қордың басқармасы мен Атқарушы комитетінің өкілеттілігін және жауапкершілігін кеңейткен жөн. Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясын Мемлекетаралық су-энергетикалық комиссия ретінде қайта құруды ұсынамыз. Бұл шаралар Қордың тиімділігін арттырар еді", - деді Тоқаев Душанбеде өткен кездесуде.Ол Орталық Азиядағы барлық елдің ирригация, гидроэнергетика және экология салаларындағы мүдделерін ескере отырып, аймақтың су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді әрі орнықты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру қажет деп санайды.Сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есепке алатын, мониторинг жасайтын, басқаратын және бөлетін бірыңғай автоматтандырылған жүйе енгізіледі.Тоқаевтың айтуынша, бұл бастаманың жүзеге асырылуы аймақтағы суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, Орталық Азия елдерімен арадағы диалогты және достықты нығайтуға ықпал етеді.Жобалық кеңсе құрылады"Тағы бір маңызды бастаманың бірі – Орталық Азия елдерінің климат мәселелері жөніндегі жобалық кеңсесін құру. Бұл қадам климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын азайту үшін пәрменді шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Қазақстан басшысы.Тоқаев Бішкектің Қорды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметіне атсалысуын оң бағалайтынын атап өтті."Қырғыз Республикасы қайтадан Халықаралық Аралды құтқару қорының толыққанды мүшесі болады деп үміттенеміз. Келешекте біз бауырлас Қырғызстанның Қорға төрағалық етуін қуана құптаймыз", - деді президент.Келесі кездесу Қазақстанда өтедіТоқаев Аралды құтқару қорының келесі кездесуін 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды."Біздің кездесуіміз су саласындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін шешімдерді уақтылы және бірлесе қабылдауға мүмкіндік береді деп сенемін. Жоғары деңгейдегі келесі кездесуді өзім бастамашы болған БҰҰ аясындағы аймақтық климаттық саммитпен біріктіре отырып, 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынамын", - деді мемлекет басшысы.Президент Қор қызметін мүлде жаңа деңгейге көтеру үшін Қазақстан бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін тағы бір мәрте растады.
https://sputnik.kz/20230915/su-tapshylygy-ortalyq-aziyanyn-qauipsizdigine-qater-tondirip-otyr---toqaev-38478267.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0f/38477919_128:0:1153:769_1920x0_80_0_0_5592a424d5f7d8a8075340ec9a8ecbd2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, арал теңізі
қасым-жомарт тоқаев, арал теңізі
Тоқаев Аралды құтқару қорын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты
Президент жоғары деңгейдегі келесі кездесуді 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінде ұйымды одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің айтуынша, қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру процесін тезірек аяқтау маңызды мәселе болып қала береді.
"Қордың басқармасы мен Атқарушы комитетінің өкілеттілігін және жауапкершілігін кеңейткен жөн. Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясын Мемлекетаралық су-энергетикалық комиссия ретінде қайта құруды ұсынамыз. Бұл шаралар Қордың тиімділігін арттырар еді", - деді Тоқаев Душанбеде өткен кездесуде.
Ол Орталық Азиядағы барлық елдің ирригация, гидроэнергетика және экология салаларындағы мүдделерін ескере отырып, аймақтың су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді әрі орнықты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру қажет деп санайды.
"Біздің ойымызша, Халықаралық су-энергетика концорциумы осындай механизмнің рөлін атқара алар еді", - деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есепке алатын, мониторинг жасайтын, басқаратын және бөлетін бірыңғай автоматтандырылған жүйе енгізіледі.
Тоқаевтың айтуынша, бұл бастаманың жүзеге асырылуы аймақтағы суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, Орталық Азия елдерімен арадағы диалогты және достықты нығайтуға ықпал етеді.
"Тағы бір маңызды бастаманың бірі – Орталық Азия елдерінің климат мәселелері жөніндегі жобалық кеңсесін құру. Бұл қадам климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын азайту үшін пәрменді шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Қазақстан басшысы.
Тоқаев Бішкектің Қорды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметіне атсалысуын оң бағалайтынын атап өтті.
"Қырғыз Республикасы қайтадан Халықаралық Аралды құтқару қорының толыққанды мүшесі болады деп үміттенеміз. Келешекте біз бауырлас Қырғызстанның Қорға төрағалық етуін қуана құптаймыз", - деді президент.
Келесі кездесу Қазақстанда өтеді
Тоқаев Аралды құтқару қорының келесі кездесуін 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды.
"Біздің кездесуіміз су саласындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін шешімдерді уақтылы және бірлесе қабылдауға мүмкіндік береді деп сенемін. Жоғары деңгейдегі келесі кездесуді өзім бастамашы болған БҰҰ аясындағы аймақтық климаттық саммитпен біріктіре отырып, 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынамын", - деді мемлекет басшысы.
Президент Қор қызметін мүлде жаңа деңгейге көтеру үшін Қазақстан бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін тағы бір мәрте растады.