Қоғам

Елімізде пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады

© Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Тальго
Тальго - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
Кейбір жолаушылар "Алтын" және "Күміс" карталарын қолданып, жеңілдік мөлшерін 55%-ке дейін арттыра алады
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ күз айларында бірнеше бағыт бойынша пойыз билеттеріне жеңілдік жасайды, деп хабарлайды ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ биыл 18 қыркүйектен 26 қазанға дейін және 6 қарашадан 7 желтоқсанға дейін үш теміржол бағыты бойынша Тальго пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізеді", - делінген хабарламада.
Қазақстандықтар мына пойыздарға арзан билет сатып ала алады:
№ 79/80 "Астана – Арқалық" - билет құнынан 20% жеңілдік;
№81/82 "Астана – Қостанай" - 30%;
№65/66 "Астана – Жезқазған" - 40%.
Билеттерді жеңілдікпен ресми www.bilet.railways.kz сайтынан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.
Сондай-ақ, жолаушылар "Алтын" және "Күміс" жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55%-ке дейін арттыра алады.
Жеңілдік туралы қосымша ақпаратты тегін 1433 нөмірі және "ktzh_pp_bot" телеграмм-боты арқылы білуге болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Дерекқор
Жастарға пойыз билетіне 25%-тік жеңілдік жасалады
Жаңалықтар
0