Дерекқор

Жастарға пойыз билетіне 25%-тік жеңілдік жасалады

© Photo : Пресс-служба АО НК КТЖ /AlexanbrZhadchukАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Жазылу
НовостиTelegram
Жиырмадан астам бағытқа пойыз билетін сәл арзанға сатып алуға болады
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Жастар қала маңы пойыздарында жеңілдікпен жүре алады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
"Жастар" жеңілдік картасымен 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар қала маңына қатынайтын пойыздарда 25 пайыздық жеңілдікпен жүре алады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін мұндай жеңілдік Алматы 2 – Орал, Алматы – Петропавл, Алматы 2 – Маңғыстау, Атырау – Алматы 2, Нұрлы жол Астана – Шымкент бағытында қатынайтын коммерциялық пойыздарға (турист, купе, плацкарт) ғана жасалды.
Қазір жеңілдік картасы пилоттық режимде жөнелту күні 2023 жылғы 01 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейінгі аралықты құрайтын қала маңы пойыздарына қолданылады.

Қандай пойыздарға билетті арзанға сатып алуға болады

Тізім төменде көрсетілген.

"Жастар" картасы қайда сатылады

"Жастар" дисконттық картасын "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында ресімдеуге болады. Оның құны – 3 000 теңге. Жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 1 жыл.
BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның барлық билет кассасында теміржол билетін сатып алу кезінде "Жастар" картасын пайдалануға болады.
Тальго - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Пойыз кешіккені үшін билет бағасына жеңілдік жасала ма – министр жауабы
Жаңалықтар
0