Пойыз кешіккені үшін билет бағасына жеңілдік жасала ма – министр жауабы

© Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Тальго
Тальго - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пойыздар кешіккені үшін билет бағасына жеңілдік жасауды қарастырып жатқан жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрге қазақстандықтардың шағымын жеткізді. БАҚ өкілдері пойыздар үнемі кешігетіні үшін билеттерге жеңілдік жасау жоспарда бар ма деп сұрады.
"Жеңілдікті қарастырып жатқан жоқпыз", - деп қысқа қайырды индустрия министрі Марат Қарабаев.
Ол пойыздардың кешігуі темір жол желілеріндегі жөндеумен байланысты екенін атап өтті.
Айтуынша, Қазақстанның теміржол желілерінің ұзындығы 16 мың шақырымды құрайды. Жыл сайын оның 500 шақырымы жөнделеді, биыл бұл көрсеткіш екі есеге 1100 шақырымға дейін ұлғайған.
"Бұл ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты. Қыста пойыздар рельстен шығып кеткен жағдайларды білесіздер. Осыған жол бермеу үшін жазғы кезеңде барынша көп шақырымды жөндеп үлгеру қажет. Кешігу осымен байланысты", - деді ведомство басшысы.
Қарабаев ҚТЖ бұған қатысты ресми мәлімдеме жасап, кешірім сұрағанын еске салды.
"Біз қауіпсіздікке қамтамасыз етуге басымдық береміз", - деді ол.
Пойыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны басып кетті
Жаңалықтар
0