Атырауда құрылысты аяқтамаған екі компанияға қатысты тергеу басталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
Салдарынан үлескерлер 2 жыл бойы баспанаға қол жеткізе алмаған
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында "Nazik group" ЖШС және "Андорра Констракшн" ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.
Салдарынан үлескерлер 2 жыл бойы баспанаға қол жеткізе алмаған.
Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.
Облыс прокуратурасы әрбір азамат қырағылығын білдіру тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет екенін атап өтті.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Өңірлер
Ақтауда үлескерлер пәтерлерін үш жылдан бері ала алмай жүр
Жаңалықтар
0