https://sputnik.kz/20220922/aqtau-uleskerler-pater-27766894.html
Ақтауда үлескерлер пәтерлерін үш жылдан бері ала алмай жүр
Ақтауда үлескерлер пәтерлерін үш жылдан бері ала алмай жүр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда 160 отбасы үш жылдан бері өз баспанасын ала алмай жүр. "Керуен" тұрғын үй кешенінің алғашқы сатып алушыларына кілтті... 22.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-22T08:41+0500
2022-09-22T08:41+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
үлескерлер
ақтау
https://sputnik.kz/img/786/94/7869489_0:4:3501:1973_1920x0_80_0_0_2d6e5e373d54a7157a108014566c48f9.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда 160 отбасы үш жылдан бері өз баспанасын ала алмай жүр. "Керуен" тұрғын үй кешенінің алғашқы сатып алушыларына кілтті 2019 жылы, құрылыс басталған соң бір жылдан кейін табыстауға уәде берген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.Алдымен компания пандемия деп ақталған, кейін ақша жоқ деп сылтауратты. Ал үй ақыры салынып біткенде, оған коммуникация тартылмағаны анықталды.Үйге миллиондап ақша құйған үлескерлер осымен үшінші жыл проблеманы шеше алмай келеді. Көпқабатты үй тұрғызылғанмен, жөндеу жұмыстарын бастау мүмкін емес, деп шағымданады пәтер иелері."Құрылыс компаниясы бізге моральдық және материалдық шығын келтіріп отыр. Мына жерде су да, жарық та, жылу да жоқ. Бірақ жұрт 150 мыңға келісті, өйткені басқа амал жоқ. Пәтерде тұрады, баспананы жалға алады, компания осылай салымшыларды алдап отыр"- дейді Ақтау тұрғыны Гүлнұр Тарғынова.Құрылысшының айтуынша, 150 мың теңгені техникалық паспорт алғанға дейін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін сұраған. Ақша кейін қайтарылады, деп сендірді ол. Бір аптадан астам уақыт бұрын үйге тіпті электр желілерін тартқан."Жылу қостық, енді ресми рұқсат қана қалды. Үйге су, жарық – бәрін қосқанда, шамамен 4-6 ай ішінде техпаспорт дайын болады. Ал газ үй пайдалануға берілгеннен кейін бір-ақ тартылады", - деді құрылыс компаниясының директоры Ербол Орынбаев.Құрылыс компаниясы пәтер иелерінің алдында бірінші рет ақталып тұрған жоқ. Облыс орталығында қаржылық қиындықтарға байланысты екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап қалған.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/786/94/7869489_292:0:3117:2119_1920x0_80_0_0_fd89f52f2a5c30b3aa57ebe4ceac90ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үлескерлер, ақтау
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда 160 отбасы үш жылдан бері өз баспанасын ала алмай жүр. "Керуен" тұрғын үй кешенінің алғашқы сатып алушыларына кілтті 2019 жылы, құрылыс басталған соң бір жылдан кейін табыстауға уәде берген, деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы.
Алдымен компания пандемия деп ақталған, кейін ақша жоқ деп сылтауратты. Ал үй ақыры салынып біткенде, оған коммуникация тартылмағаны анықталды.
Үйге миллиондап ақша құйған үлескерлер осымен үшінші жыл проблеманы шеше алмай келеді. Көпқабатты үй тұрғызылғанмен, жөндеу жұмыстарын бастау мүмкін емес, деп шағымданады пәтер иелері.
"Құрылыс компаниясы бізге моральдық және материалдық шығын келтіріп отыр. Мына жерде су да, жарық та, жылу да жоқ. Бірақ жұрт 150 мыңға келісті, өйткені басқа амал жоқ. Пәтерде тұрады, баспананы жалға алады, компания осылай салымшыларды алдап отыр"- дейді Ақтау тұрғыны Гүлнұр Тарғынова.
Құрылысшының айтуынша, 150 мың теңгені техникалық паспорт алғанға дейін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін сұраған. Ақша кейін қайтарылады, деп сендірді ол. Бір аптадан астам уақыт бұрын үйге тіпті электр желілерін тартқан.
"Жылу қостық, енді ресми рұқсат қана қалды. Үйге су, жарық – бәрін қосқанда, шамамен 4-6 ай ішінде техпаспорт дайын болады. Ал газ үй пайдалануға берілгеннен кейін бір-ақ тартылады", - деді құрылыс компаниясының директоры Ербол Орынбаев.
Құрылыс компаниясы пәтер иелерінің алдында бірінші рет ақталып тұрған жоқ. Облыс орталығында қаржылық қиындықтарға байланысты екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап қалған.