Өңірлер

ҰҚК шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қазақстандықты ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Жазылу
Ер адам заңсыз көші-қон арнасы жұмыс істеуі үшін лауазымды тұлғаға пара берген
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында шетелдік жұмысшыларды елге заңсыз кіргізу үшін шенеунікке пара берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
9 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері заңсыз көші-қон арнасының жұмыс істеуіне жалпы қамқорлық жасауы үшін лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша бұл арна шетелдік жұмысшыларды республикадағы еңбек қызметіне тиісті рұқсатсыз тарту үшін пайдаланылған.
Пара нысаны ретінде 400 мың теңге тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде жасалған пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
ҰҚК қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Қоғам
Қоспаев бастаған қылмыстық топтың мүшелері Солтүстік Кипрден елге жеткізілді – ҰҚК
Жаңалықтар
0