https://sputnik.kz/20230906/qospaev-qylmystyq-top-musheleri-soltustik-kipr-uqk-38248302.html
Қоспаев бастаған қылмыстық топтың мүшелері Солтүстік Кипрден елге жеткізілді – ҰҚК
Қоспаев бастаған қылмыстық топтың мүшелері Солтүстік Кипрден елге жеткізілді – ҰҚК
Sputnik Қазақстан
Астанаға барлығы 7 адам жеткізілді 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T17:26+0500
2023-09-06T17:26+0500
2023-09-06T17:26+0500
қоғам
ұлттық қауіпсіздік комитеті
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e7/09/06/38247729_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_e917d8fc83ad902828d571cd10950984.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6 қыркүйекте Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарын елге жеткізді.ҰҚК жүргізген операцияның нәтижесінде Солтүстік Кипрден Қазақстанға қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді. Бұған дейін оларға Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан."ҰҚК операциясы аясында шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтау, сәйкестендіру және ұстау жөніндегі қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырылды", - делінген ҰҚК хабарламасында.Күдіктілер ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметі жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органы қызметкерлеріне берілді.
https://sputnik.kz/20230224/qospaev-qylmystyq-toby-elden-qashu-er-adam-32437397.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/06/38247729_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_3078cfd58fcd068baf178b9476ed3af3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті, қылмыстық топ
ұлттық қауіпсіздік комитеті, қылмыстық топ
Қоспаев бастаған қылмыстық топтың мүшелері Солтүстік Кипрден елге жеткізілді – ҰҚК
Астанаға барлығы 7 адам жеткізілді
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6 қыркүйекте Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарын елге жеткізді.
ҰҚК жүргізген операцияның нәтижесінде Солтүстік Кипрден Қазақстанға қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді. Бұған дейін оларға Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.
Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан.
"ҰҚК операциясы аясында шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтау, сәйкестендіру және ұстау жөніндегі қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырылды", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Күдіктілер ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметі жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органы қызметкерлеріне берілді.