https://sputnik.kz/20230224/qospaev-qylmystyq-toby-elden-qashu-er-adam-32437397.html
"Қоспаев" қылмыстық тобының мүшелеріне елден қашуға көмектескен ер адам ұсталды
"Қоспаев" қылмыстық тобының мүшелеріне елден қашуға көмектескен ер адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдікті Жамбыл облысының жергілікті тұрғыны болып шықты 24.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-24T12:23+0500
2023-02-24T12:23+0500
2023-02-24T12:23+0500
қоғам
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/1154/55/11545555_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_d61bbdeefcc933a31ed2b88bfee88ba9.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының прокуратурасы "Қоспаев" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне мемлекеттік шекарадан өтуге көмектескен күдікті ұсталғанын хабарлады.Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қылмыстық кодекстің 249-бабы (рейдерлік) және 262-бабы (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен "Қоспаев" ұйымдасқан қылмыстық тобының кейбір мүшелеріне халықаралық іздеу жариялаған болатын."Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Шалин, Имашев және Қоспаев Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік шекара арқылы елден шығып кеткен", - делінген хабарламада.2022 жылғы 10 қарашада Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық істі тіркеді.Ал 11 қарашада Қордай ауданы прокурорының қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылды.Күдікті кінәсін толық мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда және прокуратураның бақылауында.Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген Елдос Қоспаев пен оның сыбайластары кәсіпкерлерді қалай тонағанын хабарлаған еді. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық топ Алматы қаласының кәсіпкерлерін қорқыту арқылы біраз бизнесті тартып алған. Толығырақ мына сілтемеде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1154/55/11545555_0:0:2048:1536_1920x0_80_0_0_5ef2c12cfc87b25a4cb6b27861691b10.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ
"Қоспаев" қылмыстық тобының мүшелеріне елден қашуға көмектескен ер адам ұсталды
Күдікті Жамбыл облысының жергілікті тұрғыны болып шықты
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының прокуратурасы "Қоспаев" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне мемлекеттік шекарадан өтуге көмектескен күдікті ұсталғанын хабарлады.
Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қылмыстық кодекстің 249-бабы (рейдерлік) және 262-бабы (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен "Қоспаев" ұйымдасқан қылмыстық тобының кейбір мүшелеріне халықаралық іздеу жариялаған болатын.
"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Шалин, Имашев және Қоспаев Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік шекара арқылы елден шығып кеткен", - делінген хабарламада.
2022 жылғы 10 қарашада Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық істі тіркеді.
Ал 11 қарашада Қордай ауданы прокурорының қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылды.
"Прокуратурамен жүргізілген үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғарыда көрсетілген тұлғаларды 2022 жылғы 6 тамызда Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды", - деп мәлімдеді прокуратурадағылар.
Күдікті кінәсін толық мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда және прокуратураның бақылауында.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген Елдос Қоспаев пен оның сыбайластары кәсіпкерлерді қалай тонағанын хабарлаған еді. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық топ Алматы қаласының кәсіпкерлерін қорқыту арқылы біраз бизнесті тартып алған. Толығырақ мына
сілтемеде.