https://sputnik.kz/20230914/senator-sheteldik-telekhikayalarga-shekteu-qoyudy-talap-etti-38450901.html
Сенатор шетелдік телехикаяларға шектеу қоюды талап етті
Сенатор шетелдік телехикаяларға шектеу қоюды талап етті
Sputnik Қазақстан
Сенатор сериалдарға кететін шығындардың көлемін де жариялады 14.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-14T14:31+0500
2023-09-14T14:31+0500
2023-09-14T14:31+0500
депутат
кино
https://sputnik.kz/img/422/75/4227529_0:441:6017:3825_1920x0_80_0_0_f02f780983da9c4aaf3fbf9b2ede54f5.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Сенатор Қайрат Тастекеев үкіметке депутаттық сауал жолдап, теледидардан көрсетілетін шетелдік сериалдарды шектеуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоғары палата өкілі кез келген телеарнаны ашқанда шетелдік телехикаялардың көрсетілетінін ерекше атап өтті. Ал соның бәрін сатып алу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді.Депутаттың ойынша, шетелдік телехикаялардың санын шектеу керек, я болмаса, толығымен тыйым салу керек. Осындай шаралар отандық кино саласын дамытуға ықпал етеді."Бізде жылына бірнеше сериал түсіріледі. Бұл – өте аз. 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюжет жобасы бойынша 2022 жылы ақпараттық тапсырыспен өнідірілген сериалдың саны 251 болса, алдағы үш жылда олардың саны өспейтінін көріп отырмыз. Жасалған сериалдардың саны 15 132 минуттан 9 720 минутқа дейін қысқартылып отыр", - деп атап көрсетті сенатор.Сенатор сериалдарға кететін шығындардың көлемін де жариялады. Қазақстанда бұл көрсеткіш өте төмен болып тұр. Мәселен, бір серияны түсіруге 6-30 мың АҚШ доллар жұмсалады. Ал көрші Ресейде 200-400 мың АҚШ доллар бөлінеді. Оған қоса, шетелде отандық сериалдарды таратуға міндеттейтін заңдар бар. Қаржылық қолдау мен салықтық жеңілдіктер ұсынылады."Сондықтан бізде отандық телеарналарды шетелдік телехикаяларды көрсетуді шектейтін заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу арқылы шетелдік телехикаяларды шектеу керек. Екіншіден, отандық киноөндірісі қаржылық қолдау, отандық телебағдарламалардың ең санын арттыру мәселесін қарау қажет", - дейді Тастекеев.
https://sputnik.kz/20220310/megogo-qazaqstan-reseylik-serial-23413961.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/422/75/4227529_319:0:5674:4016_1920x0_80_0_0_c08b9afe285b82b419594b229b4e4c82.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, кино
Сенатор шетелдік телехикаяларға шектеу қоюды талап етті
Сенатор сериалдарға кететін шығындардың көлемін де жариялады
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Сенатор Қайрат Тастекеев үкіметке депутаттық сауал жолдап, теледидардан көрсетілетін шетелдік сериалдарды шектеуді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары палата өкілі кез келген телеарнаны ашқанда шетелдік телехикаялардың көрсетілетінін ерекше атап өтті. Ал соның бәрін сатып алу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді.
"Осы қаражатты өзімізде қалдыратын болсақ, экономиканы дамытуға немесе отандық мамандарды қолдауға, я болмаса, кино саласын дамытуға болатын еді. Теледидар біздің қоғам өмірінде үлкен рөл атқарады. Ол азаматтарымыздың тағылымын, пікірін және құндылықтарын қалыптастырады. Бүгінде біз өзіміздің мәдени болымысымыз бен шығармашылық салаларымызға қысым жасайтын шетелдік телесериалдардың толқынына тап болдық", - деді Тастекеев.
Депутаттың ойынша, шетелдік телехикаялардың санын шектеу керек, я болмаса, толығымен тыйым салу керек. Осындай шаралар отандық кино саласын дамытуға ықпал етеді.
"Бізде жылына бірнеше сериал түсіріледі. Бұл – өте аз. 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюжет жобасы бойынша 2022 жылы ақпараттық тапсырыспен өнідірілген сериалдың саны 251 болса, алдағы үш жылда олардың саны өспейтінін көріп отырмыз. Жасалған сериалдардың саны 15 132 минуттан 9 720 минутқа дейін қысқартылып отыр", - деп атап көрсетті сенатор.
Сенатор сериалдарға кететін шығындардың көлемін де жариялады. Қазақстанда бұл көрсеткіш өте төмен болып тұр. Мәселен, бір серияны түсіруге 6-30 мың АҚШ доллар жұмсалады. Ал көрші Ресейде 200-400 мың АҚШ доллар бөлінеді. Оған қоса, шетелде отандық сериалдарды таратуға міндеттейтін заңдар бар. Қаржылық қолдау мен салықтық жеңілдіктер ұсынылады.
"Сондықтан бізде отандық телеарналарды шетелдік телехикаяларды көрсетуді шектейтін заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу арқылы шетелдік телехикаяларды шектеу керек. Екіншіден, отандық киноөндірісі қаржылық қолдау, отандық телебағдарламалардың ең санын арттыру мәселесін қарау қажет", - дейді Тастекеев.