Megogo Қазақстанда ресейлік сериал мен мультфильм көрсетуді тоқтатты

© Sputnik / Владислав ВодневПульт ұстап отырған бала
Пульт ұстап отырған бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Megogo халықаралық медиасервисі Қазақстанда ресейлік контент көрсетуді тоқтатты.
Megogo қызметі Sputnik Қазақстанға мұндай шешім контент құқығына байланысты қабылданғанын түсіндірді.
"Құқық иелері құқығын алып қоюына байланысты контентті трансляциялай алмаймыз. Бұл уақытша болуы мүмкін. Әлемдегі жағдай қалыпқа келгеннен кейін телеарналар хабарын таратуды қайта бастау үшін келіссөз жүргізе аламыз. Уақыты белгісіз", - деді сервис өкілі телефон арқылы.
Оның айтуынша, көрсетілімі тоқтатылған сериалдардың ішінде ресейлік Amediateka стримингтік сервисі және START бейнесервисінің өнімдері, сондай-ақ кейбір ресейлік мультфильмдер (мысалы, "Маша и Медведь" және "Синий трактор") бар.
"START-та тек халықаралық контент қалды. Мәселен, "Супернянь" деген француз фильмі көрсетіледі. Ал ресейлік фильмдер мен сериалдар жоқ", - деді компанияда.
Еске салсақ, бұған дейін Ресейде Megogo қызметін тоқтататынын хабарлаған болатын.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Megogo-ны 2011 жылы украиналық кәсіпкер Владимир Боровик құрған.
2012 жылы компания Ресейде жұмыс істей бастады, осы уақыт ішінде Ресейдегі ең ірі видео сервистерінің бірі болды. Наурыз айының басында Ресей Украинада арнайы әскери операция бастады. Осыған байланысты Megogo Ресейдегі жұмысының тоқтатты.
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Экономика
Air Astana Ресейге бірнеше рейсті уақытша тоқтатады
Жаңалықтар
0