Экономика

Air Astana Ресейге бірнеше рейсті уақытша тоқтатады

© AP Photo / Michael ProbstҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Жазылу
Өндірістік мәселелер тез арада шешілсе, әуе рейстері келесі аптаның басында жанданады, деп мәлімдеді Air Astana компаниясы
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Air Astana компаниясы өндірістік себептерге байланысты Ресей қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.
"Air Astana компаниялар тобы өндірістік себептерге байланысты Қазақстаннан Ресей қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Қазіргі таңда Алматы және Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстер орындалып жатыр", - делінген компания хабарламасында.
Air Astana компаниясы өндірістік мәселелерді тез арада шешуге тырысып жатқанын атап өтті.
Бәрі сәтті шешілген жағдайда Air Аstana мен FlyArystan келесі аптаның басында Ресей қалаларына рейстерді жандандырады, деп сендірді әуе компаниясы.
Аспандағы ұшақ ізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Экономика
Бір күнде елдің әуе кеңістігі арқылы 250-ден астам жоспарланбаған рейс жасалды
Жаңалықтар
0