Қазақстанда 800-ге жуық мұнай өнімдерін заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуРабота нефтяных станков - качалок
Работа нефтяных станков - качалок - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Жазылу
Мұндай жағдайдың басым бөлігі Ресей және Қырғызстанмен шекараларда тіркелді
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылдың басынан бері Қазақстанда мұнай өнімдерін заңсыз алып шығудың 799 фактісі тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
Ведомстводағылар қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынғанын түсіндірді.
"Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде 2023 жылдың басынан бері жалпы көлемі 54 700 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 187 фактісі анықталып, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 7,3 миллион теңге айыппұл өндірілді. 2023 жылдың басынан бері Ресей Федерациясымен және Қырғызстан Республикасымен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 89 942 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 612 фактісі анықталып, жолы кесілді", - деп жазылған комитет таратқан хабарламада.
Ведомстводағылар заң бойынша мұнай жеткізушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің экспорттауға құқығы бар екенін атап өтті. Бұл ретте экспорт көлемі энергетика министрлігі бекіткен жеткізу жоспарларына (атап айтқанда, бензин, авиация және дизель отыны) сәйкес келуі керек.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 150-бабына сәйкес декларант мыналарды орындауға міндетті:
тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға;
кеден органына кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға;
декларацияланған тауарларды көрсетуге;
кедендік төлемдерді төлеуге;
кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға.
Кайрат Боранбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Қоғам
Мұнай кен орны да бар: Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгенің активтерін қайтарды
Жаңалықтар
0