Қоғам

Мұнай кен орны да бар: Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгенің активтерін қайтарды

© Sputnik / Сергей КимКайрат Боранбаев
Кайрат Боранбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Жазылу
Мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері мемлекет меншігіне өтті
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.
"Тергеу аясында жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.
ҚМА ақпаратынша, осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріледі, ал ақша білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін жұмсалады.
Бұған дейін Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге материалдық шығынды өтеген болатын.
Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастырады.
2023 жылғы 31 наурызда Қайрат Боранбаев бөтен мүлікті иемденгені және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Жазда сот бұл үкімнің күшін жойды, тараптар процессуалды келісім бекіту туралы шешімге келді.
Қайрат Боранбаев – қазақстандық кәсіпкер, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы. Оның қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан болатын. Айсұлтан 2020 жылы тамыз айында қайтыс болды.
2016 жылдан бері Боранбаев Қазақстандағы ең бай 15 адамның қатарында тұр.
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі күшін жойды
Жаңалықтар
0