https://sputnik.kz/20230913/ubt-2024-ministr-zhana-ozgerister-bolatynyn-aytty-38416460.html
ҰБТ-2024: министр жаңа өзгерістер болатынын айтты
ҰБТ-2024: министр жаңа өзгерістер болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Тестілеу уақыты қысқарады, тест тапсырмалары көбейеді
2023-09-13T15:04+0500
2023-09-13T15:04+0500
2023-09-13T15:04+0500
білім
ұбт
өзгерістер
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8127a200475fd71d240a11abeadb981f.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. 2024 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.Оның айтуынша, жоғары білімді оңтайлы етудің маңызды қадамы – ҰБТ тапсырмаларын жетілдіру. Нәтижелерді қалыптастыру мен талдауда психометриялық тәсілдер қолданылып, стандартталған форматқа көшеді.ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда міндетті "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтары 40-қа дейін артады: бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.Осылайша ҰБТ-ның тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы – 120 сұрақ:Жоғары баллда өзгеріссіз қалады – 140.Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы", - деп атап өтті министр.Тестілеу уақыты қысқарады2024 жылғы ҰБТ-ның тағы бір жаңашылдығы – тестілеу уақыты қысқарады.Енді ҰБТ тапсыру үшін түлектерге 3 сағат 30 минут (210 минут) уақыт беріледі. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілетін.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталады."Математикалық сауаттылық" кімдерге міндетті боладыСаясат Нұрбектің айтуынша, тағы бір жаңалық шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлерге қатысты.Келесі жылдан бастап олар ҰБТ-да "Қазақстан тарихы" мен "Оқу сауаттылығы" пәндерімен қатар "Математикалық сауаттылықты" міндетті пән ретінде тапсырады."Математикалық сауаттылықтан" тест тапсырмалары өмірде математикалық логика бойынша алған білімін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталғанын атап өткім келеді. Сондықтан бұл пән барлық тест тапсырушы үшін міндетті", - деп түсіндірді жоғары білім министрі.Бұдан бөлек бейіндік пәндердің комбинациясы бойынша да өзгерістер бар. Оқушылардың, ата-аналардың және педагогикалық қауымның пікірлері мен ұсыныстарын ескеріп, "B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар", "B055 – Математика және статистика", "B063 – Электротехника және автоматтандыру" білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер "Математика-Информатика" комбинациясын тапсырады.
https://sputnik.kz/20230710/talapkerlerge-ubt-ga-ozimen-birge-qalam-akeluge-tyyym-salynady-36651164.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8816e5677b18d9193f999157f93aaf09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, өзгерістер
ҰБТ-2024: министр жаңа өзгерістер болатынын айтты
Шығармашылық мамандықты таңдаған түлектер "Математикалық сауаттылық" пәнінен де тест тапсырады
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. 2024 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.
Оның айтуынша, жоғары білімді оңтайлы етудің маңызды қадамы – ҰБТ тапсырмаларын жетілдіру. Нәтижелерді қалыптастыру мен талдауда психометриялық тәсілдер қолданылып, стандартталған форматқа көшеді.
"2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады", - деп жазды Саясат Нұрбек Telegram-да.
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда міндетті "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтары 40-қа дейін артады: бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.
Осылайша ҰБТ-ның тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы – 120 сұрақ:
"Қазақстан тарихынан" – 20 тапсырма,
"Оқу сауаттылығынан" – 10 тапсырма,
"Математикалық сауаттылықтан" – 10 тапсырма,
екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырмадан.
Жоғары баллда өзгеріссіз қалады – 140.
Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы", - деп атап өтті министр.
Тестілеу уақыты қысқарады
2024 жылғы ҰБТ-ның тағы бір жаңашылдығы – тестілеу уақыты қысқарады.
Енді ҰБТ тапсыру үшін түлектерге 3 сағат 30 минут (210 минут) уақыт беріледі. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілетін.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталады.
"Математикалық сауаттылық" кімдерге міндетті болады
Саясат Нұрбектің айтуынша, тағы бір жаңалық шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлерге қатысты.
Келесі жылдан бастап олар ҰБТ-да "Қазақстан тарихы" мен "Оқу сауаттылығы" пәндерімен қатар "Математикалық сауаттылықты" міндетті пән ретінде тапсырады.
"Математикалық сауаттылықтан" тест тапсырмалары өмірде математикалық логика бойынша алған білімін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталғанын атап өткім келеді. Сондықтан бұл пән барлық тест тапсырушы үшін міндетті", - деп түсіндірді жоғары білім министрі.
Бұдан бөлек бейіндік пәндердің комбинациясы бойынша да өзгерістер бар. Оқушылардың, ата-аналардың және педагогикалық қауымның пікірлері мен ұсыныстарын ескеріп, "B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар", "B055 – Математика және статистика", "B063 – Электротехника және автоматтандыру" білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер "Математика-Информатика" комбинациясын тапсырады.