https://sputnik.kz/20230710/talapkerlerge-ubt-ga-ozimen-birge-qalam-akeluge-tyyym-salynady-36651164.html
Талапкерлерге ҰБТ-ға өзімен бірге қалам әкелуге тыйым салынады
Талапкерлерге ҰБТ-ға өзімен бірге қалам әкелуге тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Келесі жылдан бастап талапкерлерге ҰБТ-ға өзімен бірге қалам алып кіруге тыйым салынады. Түлектерге қалам аудиторияда беріледі. Бұл... 10.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-10T12:50+0500
2023-07-10T12:50+0500
2023-07-10T12:50+0500
ұбт
https://sputnik.kz/img/1060/81/10608191_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_16706f36ef051fb2c9f1b18e9dd3041d.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Келесі жылдан бастап талапкерлерге ҰБТ-ға өзімен бірге қалам алып кіруге тыйым салынады. Түлектерге қалам аудиторияда беріледі. Бұл туралы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, биылғы ҰБТ-да бөгде тұлғалар анықталған жоқ. Алайда тыйым салынған заттарды кіргізу фактілері тыйылмай тұр."Біз денсаулығында кінәраты бар балаларға дәрумен мен дәріні кіргізуге рұқсат етеміз. Бізде бір оқушы дәруменнің бетіне формулаларды жазып қойған, арнайы қаламдар да болған. Сол себепті біз келесі жылы ҰБТ өткізу кезінде қаламдарды да аудиторияда беру туралы шешім қабылдағымыз келеді. Биыл біз оқушыларға қаламды өзімен бірге әкелуге рұқсат еттік. Бірақ қаламға шпаргалка жасырған фактілер кездесті, сол себепті біз мұның бәрін ескеріп, шешім қабылдаймыз", - деді Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Бұған дейін биылғы ҰБТ-да 402 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ тестілеу кезінде ережені бұзған 312 адам аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.
https://sputnik.kz/20230710/biylgy-ubt-kezinde-312-talapker-auditoriyadan-shygaryldy-36649364.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1060/81/10608191_114:0:1934:1365_1920x0_80_0_0_2ae13ed98c55f5f0a6aab5fa08a1b2ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
Талапкерлерге ҰБТ-ға өзімен бірге қалам әкелуге тыйым салынады
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Келесі жылдан бастап талапкерлерге ҰБТ-ға өзімен бірге қалам алып кіруге тыйым салынады. Түлектерге қалам аудиторияда беріледі. Бұл туралы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, биылғы ҰБТ-да бөгде тұлғалар анықталған жоқ. Алайда тыйым салынған заттарды кіргізу фактілері тыйылмай тұр.
"Біз денсаулығында кінәраты бар балаларға дәрумен мен дәріні кіргізуге рұқсат етеміз. Бізде бір оқушы дәруменнің бетіне формулаларды жазып қойған, арнайы қаламдар да болған. Сол себепті біз келесі жылы ҰБТ өткізу кезінде қаламдарды да аудиторияда беру туралы шешім қабылдағымыз келеді. Биыл біз оқушыларға қаламды өзімен бірге әкелуге рұқсат еттік. Бірақ қаламға шпаргалка жасырған фактілер кездесті, сол себепті біз мұның бәрін ескеріп, шешім қабылдаймыз", - деді Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін биылғы ҰБТ-да 402 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ тестілеу кезінде ережені бұзған 312 адам аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.