https://sputnik.kz/20230710/biylgy-ubt-kezinde-312-talapker-auditoriyadan-shygaryldy-36649364.html
Биылғы ҰБТ кезінде 312 талапкер аудиториядан шығарылды
Биылғы ҰБТ кезінде 312 талапкер аудиториядан шығарылды
Sputnik Қазақстан
Тестілеу орталығы 2023 жылғы 31 қазанға дейін барлық бейнежазбаға талдау жасайды 10.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-10T11:54+0500
2023-07-10T11:54+0500
2023-07-10T11:54+0500
ұбт
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958318_0:23:3067:1748_1920x0_80_0_0_7dd75a633441722a30a8ce3ecddae566.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Биылғы ҰБТ кезінде ереже бұзған 312 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Бұл туралы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."ҰБТ өткізу барысында 402 талапкер смартфон, шпаргалка және де басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Кейбір тест тапсырушылардан жасырын камералар, микроқұлаққаптар, смартфондар және басқа да тыйым салынған заттар табылды", - деді Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Ол биыл да ҰБТ кезінде "бір компьютер – екі камера – бір тестіленуші" қағидаты сақталғанын атап өтті. Тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы камера да орнатылған.Емелбаев барлық бейнежазбаға 2023 жылғы 31 қазанға дейін талдау жасалатынын айтты. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталса, білім грантын иеленген талапкер грантынан айырылады. Бұл норма алғаш рет 2020 жылы қолданылған болатын. 2020 жылы бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 152 талапкердің, 2021 жылы – 52, 2022 жылы 217 тестіленушінің нәтижесі жойылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасады.
https://sputnik.kz/20230710/ubt-2023-respublika-boyynsha-ortasha-ball--43-36648283.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958318_118:0:2847:2047_1920x0_80_0_0_b42a6f9656c209ccf722c27e02578bd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
Биылғы ҰБТ кезінде 312 талапкер аудиториядан шығарылды
Тестілеу орталығы 2023 жылғы 31 қазанға дейін барлық бейнежазбаға талдау жасайды
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Биылғы ҰБТ кезінде ереже бұзған 312 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Бұл туралы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"ҰБТ өткізу барысында 402 талапкер смартфон, шпаргалка және де басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Кейбір тест тапсырушылардан жасырын камералар, микроқұлаққаптар, смартфондар және басқа да тыйым салынған заттар табылды", - деді Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол биыл да ҰБТ кезінде "бір компьютер – екі камера – бір тестіленуші" қағидаты сақталғанын атап өтті. Тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы камера да орнатылған.
"Фронталды камераның ең басты негізгі мақсаты – жеке тұлғаны сәйкестендіру. Осы қолданылған шаралардың арқасында бөгде адамдардың кіруін болдырмау мүмкіндігіне ие болдық. Биыл ҰБТ-да бірде-бір бөгде тұлға анықталған жоқ", - деді орталық директоры.
Емелбаев барлық бейнежазбаға 2023 жылғы 31 қазанға дейін талдау жасалатынын айтты. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталса, білім грантын иеленген талапкер грантынан айырылады. Бұл норма алғаш рет 2020 жылы қолданылған болатын. 2020 жылы бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 152 талапкердің, 2021 жылы – 52, 2022 жылы 217 тестіленушінің нәтижесі жойылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасады.