https://sputnik.kz/20230913/ministr-koshe-men-eldi-mekennin-atauyn-ozgertuge-qatysty-turgyndar-ozderi-sheshedi-38415935.html
Министр көше мен елді мекеннің атауын өзгертуге қатысты: тұрғындар өздері шешеді
Министр көше мен елді мекеннің атауын өзгертуге қатысты: тұрғындар өздері шешеді
Sputnik Қазақстан
Көше мен елді мекеннің атауын өзгертуге қатысты мәселені жергілікті тұрғындар емес, көбіне белсенділер көтереді, дейді министр 13.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-13T15:13+0500
2023-09-13T15:13+0500
2023-09-13T15:13+0500
аида балаева
https://sputnik.kz/img/07e7/08/08/37362287_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_34c834a7033d5e8558e01fb54768e442.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Көшелер мен елді мекендердің атауын өзгертуге қатысты шешімді жергілікті тұрғындар өздері қабылдауы керек, деп мәлімдеді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Министр биыл мамыр айында қабылданған бұйрыққа қатысты түсініктеме берді. Осы құжат бойынша көше мен ауыл атауларын өзгертуге қатысты шешімді жергілікті тұрғындар қабылдайды."Ономастика мәселесі біздің еліміз үшін әр уақытта өзекті мәселе болған. Қоғамымызда көшелер мен елді мекендердің атын ауыстыру бойынша бастама да, ұсыныс та көп. Соның бәрі әлеуметтік желіде болсын, қоғамда болсын, белсенді талқыланып жатады. Ол ұсыныстарға қарсы азаматтар да аз емес. Алайда осы мәселені сол елді мекендердің тұрғындары емес, көбінесе, жеке белсенділер көтеріп жүреді. Дауласатын да, жауласатын да солар. Сондықтан біздің министрлік бұл мәселе бойынша арнайы бұйрық шығарды. Оған сәйкес, көше мен мекендердің атауларын өзгерту, я өзгертпеу мәселесін ең бірінші сол жергілікті жерлерде тұратын азаматтардың өздері шешуі керек. Ол ең бірінші солардың құқығы", - деді Балаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
https://sputnik.kz/20230913/aida-balaeva-zhalgan-aqparat-taratqan-blogerlerge-qanday-zhaza-qoldanylatynyn-aytty-38415090.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/08/37362287_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_9c8ed34703cf54eb5c14d720ed82b6c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аида балаева
Министр көше мен елді мекеннің атауын өзгертуге қатысты: тұрғындар өздері шешеді
Көше мен елді мекеннің атауын өзгертуге қатысты мәселені жергілікті тұрғындар емес, көбіне белсенділер көтереді, дейді министр
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Көшелер мен елді мекендердің атауын өзгертуге қатысты шешімді жергілікті тұрғындар өздері қабылдауы керек, деп мәлімдеді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Министр биыл мамыр айында қабылданған бұйрыққа қатысты түсініктеме берді. Осы құжат бойынша көше мен ауыл атауларын өзгертуге қатысты шешімді жергілікті тұрғындар қабылдайды.
"Ономастика мәселесі біздің еліміз үшін әр уақытта өзекті мәселе болған. Қоғамымызда көшелер мен елді мекендердің атын ауыстыру бойынша бастама да, ұсыныс та көп. Соның бәрі әлеуметтік желіде болсын, қоғамда болсын, белсенді талқыланып жатады. Ол ұсыныстарға қарсы азаматтар да аз емес. Алайда осы мәселені сол елді мекендердің тұрғындары емес, көбінесе, жеке белсенділер көтеріп жүреді. Дауласатын да, жауласатын да солар. Сондықтан біздің министрлік бұл мәселе бойынша арнайы бұйрық шығарды. Оған сәйкес, көше мен мекендердің атауларын өзгерту, я өзгертпеу мәселесін ең бірінші сол жергілікті жерлерде тұратын азаматтардың өздері шешуі керек. Ол ең бірінші солардың құқығы", - деді Балаева
Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.