Балаева жалған ақпарат таратқан блогерлерге қандай жаза қолданылатынын айтты

© Photo : Pixabay / StockSnapБлогер, иллюстративті фото
Блогер, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Жазылу
Министр әрбір адам сөзіне және ісіне жауапты екенін еске салды
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде жалған ақпаратты анықтау және сол үшін айыппұл салу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
9 қыркүйекте "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заң күшіне енді. Бұдан былай блогерлер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Ал интернетте жарнама жасайтындар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі шарт.
"Министрлік заңсыз контентті анықтау бойынша үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Соның ішінде есірткі заттарын тарату, порнография, экстремистік сипаттағы материалдар және тағы басқа мәселелер бар. Ал жаңа заңнан кейін сол заңсыз контенттің тізімі кеңейіп отыр. Мониторинг бұрынғыдай жалғаса береді. Оны күшейту үшін мемлекеттік қызметшілердің штатын кеңейту қажеттігі жоқ деп ойлаймын. Заң бар, жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік көрсетілген", - деді Балаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Осы орайда министр әрбір адам сөзіне және ісіне жауапты екенін еске салды.
"Ал блогерлердің ақпаратын алып қарайтын болсақ, оның арғы жағында журналистердің үлкен еңбегі жатыр. Олар сол ақпаратты халыққа жеткізіп отырады", - деп атап өтті Балаева.

Жалған ақпарат үшін жауапкершілік

Заң бойынша жалған ақпарат үшін айыппұл салынады. Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске "456-2" деген жаңа бап енгізіледі. Онда онлайн платформа пайдаланушылары мен блогерлерге жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Әкімшілік айыппұл сомасы:
жеке тұлғалар үшін 20 АЕК (69 000 теңге);
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін – 30 АЕК (103 500 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар үшін - 40 АЕК (138 000 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 80 АЕК (276 000 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК (345 000 теңге).
Ал құқық бұзушылық бір жылда қайталанса, айыппұлдың көлемі екі есеге өседі. Тіпті қамауға алу жазасын да қолдануы мүмкін:
жеке тұлғаларға - 40 АЕК (138 000 теңге) немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу;
блогерлерге - 15 АЕК (51 750 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу;
шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға - 60 АЕК (207 000 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК (414 000 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 250 АЕК (862 500 теңге).
Балаева: Әлеуметтік желіде арандатушылыққа жол бермеуге шақырамын - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Балаева: министрлік концерттерді ұйымдастырушыларға қатаң талап қояды
Жаңалықтар
0