Кәсіпкерлері қаражатын Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамытуға салуға ниетті

© Sputnik / Сергей Субботин / Медиабанкке өтуТранспортный коридор "Север - Юг"
Транспортный коридор Север - Юг - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Көлік саласының кәсіпкерлері өз қаражатын Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамытуға салуға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Атамекен ҰҚП баспасөз қызметі.
Бұл туралы президенттің кәсіпкерлермен жыл сайынғы кездесуі барысында Ұлттық палатаның көлік жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, осы саладағы бірнеше компанияның құрылтайшысы Бақытбек Қадыров мәлімдеді.
"Инфрақұрылымға инвестиция, қомақты қаржыландыру керек. Осы мақсаттарға ақша үнемі мемлекет немесе қазынадан алу – дұрыс емес. "Жаңа Қазақстан" салып жатсақ, инфрақұрылымнан бастауымыз керек. Оны кәсіпкерлер және отандық өндірушілер де салуы керек. Егер кәсіпкердің қаражаты болса және теміржолға "инвестиция салуға" ниеті болса, неге жасамасқа?" – деді Бақытбек Қадыров.
Спикер Құрық теңіз портында жеке инвестиция есебінен салынған темір жол кірме жолдарының бірінші учаскесі пайдалануға берілгенін хабарлады. Оның ұзындығы 15 шақырымды құрады, яғни жобалық ұзындықтың 30%-ы. Алайда, компания мұнымен тоқтап қалмайды және "Бейнеу-Маңғыстау" теміржол учаскесіндегі "тар өткелдерді" жоюға ниетті.
"Бұл жоба мемлекет пен жеке бизнестің өзара іс-қимылының жаңа деңгейінің қалыптасуы жолында үлгі бола алады. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастықтың стандартты емес әдістері, соның ішінде қазақстандық бизнесті стратегиялық инфрақұрылым, түрлі механизмдер және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы қолдану уақыты келді деп санаймыз", – деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, Бейнеу-Маңғыстау учаскесі Транскаспий көлік бағыты үшін ғана емес, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі үшін маңызды. Бұл учаскені кеңейту –өткізу қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және Қазақстанның экспорттық бағыттарын әртараптандыруды қамтамасыз етеді.
"Атамекен" көлік жөніндегі жұмыс тобының басшысы Президентке жұмыс нәтижесі мен көлік саласының қызметін жақсарту жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстары туралы баяндады. Мемлекет басшысы кәсіпкерді қолдап, Үкімет пен Көлік министрлігіне осы мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Касым-Жомарт Токаев и Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Экономика
Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек – Тоқаев
Жаңалықтар
0