https://sputnik.kz/20230912/memlekettik-apparat-arbir-biznesmenge-zan-buzushy-retinde-qaramauy-kerek--toqaev-38389378.html
Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек – Тоқаев
Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті екенін атап өтті 12.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-12T17:14+0500
2023-09-12T17:14+0500
2023-09-12T17:14+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
бизнесмендер
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38388911_0:27:1280:747_1920x0_80_0_0_762426b676ba2e39c4a5936b4238c6e8.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуы керек екенін мәлімдеді.Оның айтуынша, кәсіпкерлер "шағымданушы" немесе "қолдауға мұқтаж" рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс."Жеке капиталды қорғау деңгейінің осалдығы, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы, бағаның нарыққа қайшы жолмен белгіленуі және шамадан тыс реттеу тетіктері – бизнесті толғандыратын мәселелер мұнымен бітпейді", - дейді мемлекет басшысы.Тоқаев кәсіпкерлердің соттарға, құқық қорғау және салық органдарына, жергілікті билікке қатысты шағымдары азаймай тұрғанын атап өтті."Бұл ретте бизнес тарапынан да салықтан жалтару, капиталды жылыстату, мемлекеттік қолдауға ие болған кезде алаяқтық жасау фактілері жиі ұшырасады. Еңбек ұжымдарының құқығын таптау жағдайлары да кең таралған. Осының салдарынан екі тарап әрдайым бір-біріне сезіктене қарап, кінә артуға дайын тұрады", - дейді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38388911_0:0:1135:851_1920x0_80_0_0_294bce4c2ac1563de6bc802e9c699e2e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, бизнесмендер
қасым-жомарт тоқаев, бизнесмендер
Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек – Тоқаев
Президент мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті екенін атап өтті
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуы керек екенін мәлімдеді.
"Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек. Мұндай ұстаным, түптеп келгенде, басқарудың репрессивті сипатына алып келеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Тағы да ерекше атап өткім келеді. Көмектесуі керек", - деді президент Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер "шағымданушы" немесе "қолдауға мұқтаж" рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс.
"Жеке капиталды қорғау деңгейінің осалдығы, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы, бағаның нарыққа қайшы жолмен белгіленуі және шамадан тыс реттеу тетіктері – бизнесті толғандыратын мәселелер мұнымен бітпейді", - дейді мемлекет басшысы.
Тоқаев кәсіпкерлердің соттарға, құқық қорғау және салық органдарына, жергілікті билікке қатысты шағымдары азаймай тұрғанын атап өтті.
"Бұл ретте бизнес тарапынан да салықтан жалтару, капиталды жылыстату, мемлекеттік қолдауға ие болған кезде алаяқтық жасау фактілері жиі ұшырасады. Еңбек ұжымдарының құқығын таптау жағдайлары да кең таралған. Осының салдарынан екі тарап әрдайым бір-біріне сезіктене қарап, кінә артуға дайын тұрады", - дейді президент.