https://sputnik.kz/20230912/prezident-iri-biznesmenderge-undeu-tastady-38389817.html
Президент ірі бизнесмендерге үндеу тастады
Президент ірі бизнесмендерге үндеу тастады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев өндіріске инвестиция құю активтердің түп төркінінің заңдылығын дәлелдеуге талпыныс ретінде қарастырылатынын мәлімдеді 12.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-12T17:30+0500
2023-09-12T17:30+0500
2023-09-12T17:30+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
бизнес
https://sputnik.kz/img/606/07/6060793_94:0:1826:974_1920x0_80_0_0_24d83380d14ce37ea0730375b7f87646.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнесмендеріне үндеу тастады.Президент өз жолдауында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруды ұсынғанын еске салды. Айтуынша, экономикамыздың көшбасшылары индустрияландырудың қозғаушы күшіне айналып, соңынан өнеркәсіппен айналысушы кәсіпкерлердің жаңа толқынын ілестіре алады."Мен металлургия, химия, машина жасау және басқа да салаларда, кем дегенде, 15 ірі жобаны іске асыру міндетін жүктедім. Бұл – мемлекеттің де, бизнестің де міндеті. Бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі. Бұған қоса, мемлекет тағайындаған менеджерлер де тиісті деңгейде жұмыс істемейді. Сондықтан еліміздің әлеуетті ірі бизнес өкілдеріне үндеу тастағым келеді. Сіздерде қаржы да, тәжірибе де жеткілікті, әлемдік нарықтарға шығатын байланыстар да бар. Сондықтан осындай жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарастыруға шамаларыңыз жетеді. Елдің дамуына қаржы құюға дайын екендеріңізді көрсетіңіздер", - деді Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде.Ол адал әрі өз еліне пайдамды тигізсем деген ниеттегі бизнес әрдайым құрметке лайық және олар мемлекеттің қорғауында болатынын атап өтті."Ашығын айтайын. Жоғары да айтылған өндірістерге инвестиция салу активтердің түп төркінінің заңдылығын дәлелдеуге талпыныс ретінде қарастырылады. Егер сіз бұрын-соңды ие болған капитал тек меншік иесіне ғана емес, сондай-ақ ұлттық экономиканың игілігіне және Қазақстанның өркендеуіне қызмет етсе, онда бұл – ақшаның қайдан келгені жөніндегі сұрақты күн тәртібінен алып тастауға жақсы себеп. Алайда мұндай мәмілеге келу мүмкіндігі барған сайын азайып келеді. Оны да түсіну керек", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.Тоқаев үкімет экономиканы әртараптандыру үшін ірі бизнестің бүкіл қаржылық, технологиялық және кадрлық әлеуетін жұмылдыруы қажет екенін айтты.
https://sputnik.kz/20230912/memlekettik-apparat-arbir-biznesmenge-zan-buzushy-retinde-qaramauy-kerek--toqaev-38389378.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/606/07/6060793_310:0:1609:974_1920x0_80_0_0_7bacbde7ceea08b79810c4be34af1009.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, бизнес
қасым-жомарт тоқаев, бизнес
Президент ірі бизнесмендерге үндеу тастады
Тоқаев өндіріске инвестиция құю активтердің түп төркінінің заңдылығын дәлелдеуге талпыныс ретінде қарастырылатынын мәлімдеді
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнесмендеріне үндеу тастады.
Президент өз жолдауында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруды ұсынғанын еске салды. Айтуынша, экономикамыздың көшбасшылары индустрияландырудың қозғаушы күшіне айналып, соңынан өнеркәсіппен айналысушы кәсіпкерлердің жаңа толқынын ілестіре алады.
"Мен металлургия, химия, машина жасау және басқа да салаларда, кем дегенде, 15 ірі жобаны іске асыру міндетін жүктедім. Бұл – мемлекеттің де, бизнестің де міндеті. Бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі. Бұған қоса, мемлекет тағайындаған менеджерлер де тиісті деңгейде жұмыс істемейді. Сондықтан еліміздің әлеуетті ірі бизнес өкілдеріне үндеу тастағым келеді. Сіздерде қаржы да, тәжірибе де жеткілікті, әлемдік нарықтарға шығатын байланыстар да бар. Сондықтан осындай жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарастыруға шамаларыңыз жетеді. Елдің дамуына қаржы құюға дайын екендеріңізді көрсетіңіздер", - деді Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде.
Ол адал әрі өз еліне пайдамды тигізсем деген ниеттегі бизнес әрдайым құрметке лайық және олар мемлекеттің қорғауында болатынын атап өтті.
"Ашығын айтайын. Жоғары да айтылған өндірістерге инвестиция салу активтердің түп төркінінің заңдылығын дәлелдеуге талпыныс ретінде қарастырылады. Егер сіз бұрын-соңды ие болған капитал тек меншік иесіне ғана емес, сондай-ақ ұлттық экономиканың игілігіне және Қазақстанның өркендеуіне қызмет етсе, онда бұл – ақшаның қайдан келгені жөніндегі сұрақты күн тәртібінен алып тастауға жақсы себеп. Алайда мұндай мәмілеге келу мүмкіндігі барған сайын азайып келеді. Оны да түсіну керек", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Тоқаев үкімет экономиканы әртараптандыру үшін ірі бизнестің бүкіл қаржылық, технологиялық және кадрлық әлеуетін жұмылдыруы қажет екенін айтты.