https://sputnik.kz/20230912/mektepterde-algash-ret-aqyndar-aytysy-bayqauy-bastaldy-38386934.html
Мектептерде алғаш рет "Ақындар айтысы" байқауы басталды
Мектептерде алғаш рет "Ақындар айтысы" байқауы басталды
Sputnik Қазақстан
Министрлік байқау мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті 12.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-12T15:57+0500
2023-09-12T15:57+0500
2023-09-12T15:57+0500
қоғам
мектеп
айтыс
байқау
https://sputnik.kz/img/1229/19/12291961_0:120:2001:1245_1920x0_80_0_0_a3bdecbd67dedbf743f7f9d1ca66044e.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Еліміздің барлық білім беру ұйымында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Байқау "Төрт тоқсан – төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде.Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау, деп атап өтті министрліктегілер.Айта кетері, "Ақындар айтысы" байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады, деп түйіндеді ведомство.
https://sputnik.kz/20230902/20232024-oqu-zhyly-oqushylar-qalay-demalady-38118225.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1229/19/12291961_0:0:1777:1333_1920x0_80_0_0_4213d55c1da01c001a846e278b88fa7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, айтыс, байқау
Мектептерде алғаш рет "Ақындар айтысы" байқауы басталды
Министрлік байқау мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Еліміздің барлық білім беру ұйымында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқау "Төрт тоқсан – төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде.
"Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында "Ақындар айтысы" ашық сабақтары басталып кетті", - делінген хабарламада.
Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау, деп атап өтті министрліктегілер.
Айта кетері, "Ақындар айтысы" байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады, деп түйіндеді ведомство.