Инфографика

2023/2024 оқу жылы: оқушылар қалай демалады

© SputnikКаникулы
Каникулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
Қазақстандық оқушылар 2023/2024 оқу жылында қалай демалатыны туралы толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан біліңіз
Оқу-ағарту министрлігі мектеп демалысының уақытын белгілеу туралы бұйрық жобасын дайындады. Құжат қоғамдық талқылау үшін жарияланды.
Оқу жылының басталуы мен аяқталуының ұсынылған мерзімі: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін.

Оқушылар қалай демалады

күзгі демалыс – 7 күн – 2023 жылдың 30 қазанынан 5 қарашасына (қоса алғанда) дейінгі аралық;
қысқы демалыс – 10 күн – 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарына (қоса алғанда) дейінгі аралық;
көктемгі демалыс – 11 күн – 2024 жылдың 21 наурызынан 31 наурызына (қоса алғанда) дейінгі аралық;
жазғы демалыс – 98 күн – 2024 жылдың 26 мамырынан 31 тамызына (қоса алғанда) дейінгі аралық.
*Бірінші сынып оқышылары үшін қосымша демалыс – 7 күн – 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанына (қоса алғанда) дейінгі аралық.

Емтихан қашан өтеді

9 – (10) сынып оқушыларының емтихандары – 2024 жылдың 29 мамырынан 10 маусымына дейін;
11 – (12) сынып оқушыларының емтихандары – 2024 жылдың 28 мамырынан 11 маусымына дейін.

Последний звонок - 2022 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Білім
Оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды
Жаңалықтар
0