Қазақстанның шахматшы қыздары алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

© Sputnik / Владислав ВодневЧемпионат мира по шахматам-2023 в Астане
Чемпионат мира по шахматам-2023 в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Жазылу
Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасымен кездеседі
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жартылай финалда шахматшы қыздарымыз бірінші матчта Франциядан 1:3 есебімен ұтылса да, келесі ойында реванш алып, ұпай басымдығымен финалға шықты. Команда құрамында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Қамалиденова, Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбекова бар.
Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасымен кездеседі. Олар жартылай финалда АҚШ командасын жеңген.
Финал бүгін кешкі сағат 18:00-де басталады.
Айта кетері, командалық әлем чемпионаты Польшада өтіп жатыр. Бұл турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстан ширек финалдан аспай келген.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2023
Хиджабсыз келген шахматшы қыздың амандығы үшін полицияға жүгіндік – шахмат федерациясы
Жаңалықтар
0