https://sputnik.kz/20230119/khidzhabsyz-kelgen-shakhmatshy-qyzdyn-amandygy-ushin-politsiyaga-zhugindik--shakhmat-federatsiyasy-31283720.html
Хиджабсыз келген шахматшы қыздың амандығы үшін полицияға жүгіндік – шахмат федерациясы
Хиджабсыз келген шахматшы қыздың амандығы үшін полицияға жүгіндік – шахмат федерациясы
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Шахматтың рапид және блиц түрінен Алматыда өткен әлем чемпионатына ирандық шахматшы Сарасадат Хадемальшарьехтің хиджабсыз келуі... 19.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-19T15:45+0500
2023-01-19T15:45+0500
2023-01-19T15:45+0500
шахмат
хиджаб
https://sputnik.kz/img/955/45/9554575_77:0:2500:1363_1920x0_80_0_0_00e7e38bf727c8c1560aa664abf3cee8.jpg
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Шахматтың рапид және блиц түрінен Алматыда өткен әлем чемпионатына ирандық шахматшы Сарасадат Хадемальшарьехтің хиджабсыз келуі ұйымдастырушыларды біраз тығырыққа тіреген. Өйткені белгісіз біреулер қайта-қайта қоңырау соққан. Бұл туралы "Қазақстан шахмат федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол шахматшы Сарасадат Хадемальшарьехтің Қазақстаннан өз отанына емес, Испанияға ұшып кеткенін және жуық арада Иранға оралмайтынын айтты.Шахматшы қызды Қазақстаннан аман шығарып салу үшін шахмат федерациясы әрбір жүрген қадамына аса мұқият болған. Испанияға ұшатын уақыты, маршруты құпия болып қалған. Федерация хиджабсыз шахматшының амандығы үшін тіпті Алматы әкімдігі мен полицияның көмегіне жүгінген.Естеріңізге сала кетейік, ирандық шахматшы қыз Сарасадат Хадемальшарьех әлем чемпионатында хиджабын шешкен болатын. Оның бұл әрекеті отандастарының наразылығын тудырды. Сарасадат Алматыдағы чемпионатта орамалын шешкен жалғыз шахматшы емес. Басқа ирандық шахматшы Атуса Пуркашьян да солай істеген. Алайда Хадем мен Пуркашьян өз әрекетінің себебі туралы ешкімге тіс жармаған. Көпшілік олар Ирандағы наразылықтарға қолдау ретінде хиджабтарын шешті деп тұжырымдады.Иранда қыркүйек айында хиджабты дұрыс кимегені үшін полицейлердің қолынан қаза болған Махса Аминидің өліміне байланысты жаппай наразылық болған еді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/955/45/9554575_411:0:2228:1363_1920x0_80_0_0_cfe622031739c34fc3a97ed9f5ca0a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахмат, хиджаб
Хиджабсыз келген шахматшы қыздың амандығы үшін полицияға жүгіндік – шахмат федерациясы
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Шахматтың рапид және блиц түрінен Алматыда өткен әлем чемпионатына ирандық шахматшы Сарасадат Хадемальшарьехтің хиджабсыз келуі ұйымдастырушыларды біраз тығырыққа тіреген. Өйткені белгісіз біреулер қайта-қайта қоңырау соққан. Бұл туралы "Қазақстан шахмат федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біраз тәуекелге бас тіккеніміз рас. Турнир директоры ретінде өз әріптестеріме бұл жағдайға мұқият болу керектігін айттым. Өйткені белгісіз нөмірлерден бізге телефон шалғандар көп болды. Олар ирандық шахматшы қыздың тұратын жерін сұрады", - дейді Дәрмен Сәдуақасов.
Ол шахматшы Сарасадат Хадемальшарьехтің Қазақстаннан өз отанына емес, Испанияға ұшып кеткенін және жуық арада Иранға оралмайтынын айтты.
Шахматшы қызды Қазақстаннан аман шығарып салу үшін шахмат федерациясы әрбір жүрген қадамына аса мұқият болған. Испанияға ұшатын уақыты, маршруты құпия болып қалған. Федерация хиджабсыз шахматшының амандығы үшін тіпті Алматы әкімдігі мен полицияның көмегіне жүгінген.
Естеріңізге сала кетейік, ирандық шахматшы қыз Сарасадат Хадемальшарьех әлем чемпионатында хиджабын шешкен болатын. Оның бұл әрекеті отандастарының наразылығын тудырды. Сарасадат Алматыдағы чемпионатта орамалын шешкен жалғыз шахматшы емес. Басқа ирандық шахматшы Атуса Пуркашьян да солай істеген. Алайда Хадем мен Пуркашьян өз әрекетінің себебі туралы ешкімге тіс жармаған. Көпшілік олар Ирандағы наразылықтарға қолдау ретінде хиджабтарын шешті деп тұжырымдады.
Иранда қыркүйек айында хиджабты дұрыс кимегені үшін полицейлердің қолынан қаза болған Махса Аминидің өліміне байланысты жаппай наразылық болған еді.