https://sputnik.kz/20230911/26-mlrd-tengenin-qayda-ketkeni-belgisiz-deputat-parlamenttik-tergeu-zhurgizuge-nietti-38357280.html
"26 млрд теңгенің қайда кеткені белгісіз": депутат парламенттік тергеу жүргізуге ниетті
"26 млрд теңгенің қайда кеткені белгісіз": депутат парламенттік тергеу жүргізуге ниетті
Sputnik Қазақстан
Өткен жылы 51 мың жер учаскесіне коммуникация тартуға 47 млрд теңге бөлінген. Іс жүзінде адамдар 26 мың жер учаскесін ғана алған 11.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-11T17:45+0500
2023-09-11T17:45+0500
2023-09-11T17:45+0500
депутат
тергеу
https://sputnik.kz/img/136/02/1360273_0:126:3197:1924_1920x0_80_0_0_50bdde1d76be945f11e64c67a16a021b.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелері бойынша парламенттік тергеу жүргізуге бастама көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, 2022 жылы 51 мың жер учаскесінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін коммуникация тартуға 47 млрд теңге бөлінген."Ал іс жүзінде адамдар 26 мың жер учаскесін ғана алды. Қалған учаскелер қайда? Адамдар неге алмаған", - деп ашуланды Базарбек мәжіліс кулуарында.Ол қолдағы мәліметтер үш ведомствоның вице-министрлері берген жазбаша жауаптармен расталатынын атап өтті.Депутат бұл мәселе бойынша Бас прокуратураға жүгінген. Қазір құзырлы орган сегіз өңірді тексеріп жатыр. Олардың арасында Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстары бар.Бұл бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, деп санайды Базарбек."26 млрд теңгеге жуық ақшаның қалай жоғалып кеткені түсініксіз. Мен бұл жерден бюджет қаражатының жымқырылғанын көріп тұрмын. Осы факті бойынша бас прокуратураға бюджеттік статистика материалдарын бұрмалауға қатысты материалдарды жолдадым. Парламенттік тергеу болады", - деді ол.
https://sputnik.kz/20230911/en-tomengi-zhalaqy-300-myn-tenge-boluy-kerek--rinat-zayytov-38355854.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/136/02/1360273_232:0:2963:2048_1920x0_80_0_0_ece9e4b25d4a06dd93727035f38e2cf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, тергеу
"26 млрд теңгенің қайда кеткені белгісіз": депутат парламенттік тергеу жүргізуге ниетті
Өткен жылы 51 мың жер учаскесіне коммуникация тартуға 47 млрд теңге бөлінген. Іс жүзінде адамдар 26 мың жер учаскесін ғана алған
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелері бойынша парламенттік тергеу жүргізуге бастама көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, 2022 жылы 51 мың жер учаскесінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін коммуникация тартуға 47 млрд теңге бөлінген.
"Ал іс жүзінде адамдар 26 мың жер учаскесін ғана алды. Қалған учаскелер қайда? Адамдар неге алмаған", - деп ашуланды Базарбек мәжіліс кулуарында.
Ол қолдағы мәліметтер үш ведомствоның вице-министрлері берген жазбаша жауаптармен расталатынын атап өтті.
"Басқаша айтқанда, статистикалық мәліметтерді ойнатып отыр. Олар (шенеуніктер – Sputnik) отырып алып статистикалық мәліметтерді құбылтады. Ал іс жүзінде қарапайым адамдар зардап шегеді: өз жерін ала алмайды, жыл сайын әкімдіктің табалдырығын тоздырады", - дейді мәжілісмен.
Депутат бұл мәселе бойынша Бас прокуратураға жүгінген. Қазір құзырлы орган сегіз өңірді тексеріп жатыр. Олардың арасында Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстары бар.
Бұл бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, деп санайды Базарбек.
"26 млрд теңгеге жуық ақшаның қалай жоғалып кеткені түсініксіз. Мен бұл жерден бюджет қаражатының жымқырылғанын көріп тұрмын. Осы факті бойынша бас прокуратураға бюджеттік статистика материалдарын бұрмалауға қатысты материалдарды жолдадым. Парламенттік тергеу болады", - деді ол.