Лаңкестер телемұнара мен "Көк базарды" жарып жібермек болған - эксклюзивті фильм шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинВечерний Алматы
Вечерний Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2023
Жазылу
ұның барлығы "Шыңырау" фильмінде көрсетіледі
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестерді құрықтады. Мұның барлығы "Шыңырау" фильмінде көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан президентінің телерадиокешені дайындаған эксклюзивті фильмде арнайы жасақтар өткізген операциялардың мән-жайы баяндалады. Мәселен, бір топ радикал Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасын жарып жіберуді жоспарлаған.
Ал тағы бір тобы "Көк базар" сияқты адам көп жүретін орындарда жарылыс жасауды көздеген.
Фильмде лаңкестерді анықтау және ұстау шараларын, олардың Сирия мен Ауғанстандағы содырлардан қандай нұсқау алғанын да көрсеткен.
"Шыңырау" жуырда отандық телеарналардан көрсетіледі.
Айта кетері, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті екі терактінің алдын алғанын мәлімдеді. Биыл Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш затты жарып жібергісі келгендердің әрекеті дайындық кезінде анықталды. Ал Астанада адам көп жиналатын жерде қарулы шабуыл жасау жоспары болған.
Алматыдағы митинг, қаңтар оқиғасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Қаңтар оқиғасы
Бас прокурор Алматыға 20 мың шетелдік лаңкес басып кірді деген ақпаратты жоққа шығарды
Жаңалықтар
0