Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Бас прокурор Алматыға 20 мың шетелдік лаңкес басып кірді деген ақпаратты жоққа шығарды

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVАлматыдағы митинг, қаңтар оқиғасы
Алматыдағы митинг, қаңтар оқиғасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Жазылу
Қаңтар айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына 20 мың содыр басып кірді деп мәлімдеген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге 20 мың шетелдік террорист қатысты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінде 19 шетелдік ұсталды. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары. Олардың бәрі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. 20 мың шетелдік террорист болған жоқ, сіздер мұны қайдан алғандарыңызды білмеймін", - деп жауап берді Асылов мәжіліс кулуарында.
Берик Асылов - Sputnik Қазақстан
Берік Асылов
ҚР бас прокуроры
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазір Қаржы мониторингі агенттігі мемлекеттік төңкерісті ислам радикализмінің өкілдері қаржыландыруы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.
Бұдан бөлек, Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар саны бойынша айырмашылықты түсіндірді. Мәжіліс отырысында Бас прокуратура 230 адам, ал Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова 238 адам қаза болғанын мәлімдеген еді.
"Әзімова тергеу изоляторларына қамалғандарды да санаған. Олар бұрын қамауға алынғандар, науқастар көп болды, ол жалпы санын алып отыр. Әзімова айтқан сегіз адам қаңтар оқиғасына қатысқан жоқ", - деді бас прокурор.
Цифру про 20 тыс. террористов Токаеву дало прежнее руководство КНБ – Ертысбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Саясат
Тоқаевқа 20 мың содыр туралы ақпаратты кімдер берді - Ертісбаев пікірі
Жаңалықтар
0