https://sputnik.kz/20230910/5-zhasar-qyzdyn-olimi-akesi-pedofildin-uydin-buzyp-tastaudy-talap-etti-38325504.html
5 жасар қыздың өлімі: әкесі педофилдің үйдің бұзып тастауды талап етті
5 жасар қыздың өлімі: әкесі педофилдің үйдің бұзып тастауды талап етті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Сарыағаш ауданында педофилдің қолынан қайтыс болған Еркежаның Нұрмаханның әкесі көрші үйді бұзып тастауды талап етті, деп... 10.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-10T12:29+0500
2023-09-10T12:29+0500
2023-09-10T12:29+0500
түркістан облысы
сарыағаш
педофил
https://sputnik.kz/img/272/11/2721112_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_ee2e12fc40db5ccbf94167314f299d13.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Сарыағаш ауданында педофилдің қолынан қайтыс болған Еркежаның Нұрмаханның әкесі көрші үйді бұзып тастауды талап етті, деп хабарлайды Otyrar.kz.Нұржан Ережеповтың айтуынша, педофил тұрған үй маскүнемдердің ордасына айналып кеткен.Айта кетері, осы аптада 48 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот-медицина сарапшылары оның педофилияға бейімі бар екенін анықтады. Сол себепті химиялық кастрация жасауға шешім қабылданды. Ол үшін түрмеде өмір бойы сексуалдық құмарлықты азайтатын медициналық препараттарды егіп отырады.Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші тарапқа 100 миллион теңгенің моральдық шығынын төлеуге міндеттелді. Жеке мүлкі болса, сатылады, ал ақшасы қайтыс болған қыздың отбасына беріледі.Қылмыстың мән-жайыЕлді дүрліктірген оқиға биыл жазда болды. 13 шілде күні үйдің алдында ойнап жүрген 5 жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып кетті. Оны бүкіл ауыл іздеді. Ал бейнебақылау камералары баланың үйден алыс кетпегенін көрсетті. 48 жастағы көрші күдікке ілінді. Оның үйіне екі рет тінту жасаған. Үшінші рет үйді тінтігенде баланың денесі табылды."Үйіне үшінші рет барғанда қораның төбесіндегі шиферді байқадым. Досым екеуміз үстіне шығып, көтеріп қарасақ, Еркежанның денесі жатыр, үстінде киімі болған жоқ", - дейді Жібек жолы ауылының тұрғыны Ержан Ахметов.Баланың денесін пышақпен тілгілеген. Ал бетінде көгерген іздер болған. Ауыл тұрғындары педофилді өз қолымен жазаламақ болды. Үйін жағып жібере жаздады. Бірақ полиция ашуға мінген халықты тоқтатты.Педофил бұған дейін адам өлтіргені үшін түрмеде 10 жыл отырып шыққан. 2023 жылы мамыр айында денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.
https://sputnik.kz/20230909/turkistan-oblysynda-sottalgan-pedofil-100-milliondy-qalay-toleydi-38316596.html
түркістан облысы
сарыағаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/272/11/2721112_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b3b7f441291aded6aa2f9e04aa993eea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, сарыағаш, педофил
түркістан облысы, сарыағаш, педофил
5 жасар қыздың өлімі: әкесі педофилдің үйдің бұзып тастауды талап етті
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Сарыағаш ауданында педофилдің қолынан қайтыс болған Еркежаның Нұрмаханның әкесі көрші үйді бұзып тастауды талап етті, деп хабарлайды
Otyrar.kz.
Нұржан Ережеповтың айтуынша, педофил тұрған үй маскүнемдердің ордасына айналып кеткен.
"Бірнеше күн бұрын көршілер қоңырау шалып, педофил тұрған үйде жарық жанып тұрғанын айтты. Әлгі үйге кірсе, арақтың бөтелкесі, стақан жатыр. Бірақ іште ешкім жоқ. Біз үкіметтен ол үйді толығымен бұзып, орнына халыққа жақсы, пайдалы бірдеңе салуды сұраймыз. Жоғарыдағылар да ол үйді бұзамыз деп айтқан. Бұзып тастау керек", - дейді Ережепов.
Айта кетері, осы аптада 48 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот-медицина сарапшылары оның педофилияға бейімі бар екенін анықтады. Сол себепті химиялық кастрация жасауға шешім қабылданды. Ол үшін түрмеде өмір бойы сексуалдық құмарлықты азайтатын медициналық препараттарды егіп отырады.
Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші тарапқа 100 миллион теңгенің моральдық шығынын төлеуге міндеттелді. Жеке мүлкі болса, сатылады, ал ақшасы қайтыс болған қыздың отбасына беріледі.
Елді дүрліктірген оқиға биыл жазда болды. 13 шілде күні үйдің алдында ойнап жүрген 5 жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып кетті. Оны бүкіл ауыл іздеді. Ал бейнебақылау камералары баланың үйден алыс кетпегенін көрсетті. 48 жастағы көрші күдікке ілінді. Оның үйіне екі рет тінту жасаған. Үшінші рет үйді тінтігенде баланың денесі табылды.
"Үйіне үшінші рет барғанда қораның төбесіндегі шиферді байқадым. Досым екеуміз үстіне шығып, көтеріп қарасақ, Еркежанның денесі жатыр, үстінде киімі болған жоқ", - дейді Жібек жолы ауылының тұрғыны Ержан Ахметов.
Баланың денесін пышақпен тілгілеген. Ал бетінде көгерген іздер болған. Ауыл тұрғындары педофилді өз қолымен жазаламақ болды. Үйін жағып жібере жаздады. Бірақ полиция ашуға мінген халықты тоқтатты.
Педофил бұған дейін адам өлтіргені үшін түрмеде 10 жыл отырып шыққан. 2023 жылы мамыр айында денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.