Электрсамокат мінгендерге айыппұл салына бастады

© iStock.com / HJBCЭлектросамокаты в Париже
Электросамокаты в Париже  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Жазылу
Жол қозғалысына енгізілген өзгерістер заңды күшіне енгелі бері қалада 75 адамға әкімшілік хаттама рәсімделді
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында электрсамокат мінгендерге заңның жаңа талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салына бастады. Жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістер осы айдың басында күшіне енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жергілікті полиция қызметі депаратменті басқарма басшының орынбасары Серік Шумаевтың айтуынша, жолдағы жағдай өзгерген жоқ. Самокат мінгендер бұрынғыдай қатты жүреді, жаңа талаптарды сақтамайды.
"Әзірше, жағдай бұрынғыдай, самокат жүргізушілері әлі үйренбеген сияқты. Тәртіп бұзушылықтар бар, ережені өрескел бұзу әрекеттері жоқ, дегенмен жаңа талаптар сақталмайды", - дейді Шумаев.
Жол қозғалысына енгізілген өзгерістер заңды күшіне енгелі бері қалада 75 адамға әкімшілік хаттама рәсімделді. Оларды ұстау да оңай емес. Полиция тоқтауды бұйырса да, ештеңе естімегендей қашып кетуге тырысады. Ал тәртіп сақшылары әзірше ескерту беріп, заңның талаптарын түсіндірумен ғана шектеліп жүр. Бірақ ондай шаралар ұзаққа созылмайды.
"Меніңше, тәртіп бұзушылықтар әлдеқайда көп, бірақ жаңа заң жақында ғана күшіне енді ғой. Сол себепті біз жазалау шаралары жаппай қолданбауға тырысып жатырмыз. Алайда үнемі солай бола бермейді. Жол қозғалысын бұзған адам жауап беруі керек. Әзірше, алдын алу шаралары атқарылады. Ал жаза болмаса, халық заңды бұзып, жүре береді", - деп атап көрсетті Шумаев.
Сондай-ақ, полицейлер мопедтерге қатысты түзетулерді тезірек қабылдау қажет деп санайды. Сонда осы көлік құралдарының иелері есепке тұрып, жүргізуші куәлігін ұстап жүруге міндетті болады.
Электрлі самокаттарға қатысты жаңа заң негізгі талаптарын мына жерден оқуға болады. Ішкі істер министрі 30 мауысымдағы бұйрығына да өзгеріс енгізілді. Онда қосымша талаптар көрсетілген.
Мопед жүргізушісі автокөліктің алдына құлап көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
Электросамокат пен мопед мінетіндер нені білуге тиіс
Жаңалықтар
0