Электросамокат пен мопед мінетіндер нені білуге тиіс

© Sputnik / СтрингерМопед жүргізушісі автокөліктің алдына құлап көз жұмды
Мопед жүргізушісі автокөліктің алдына құлап көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанда электросамокат пен мопед жүргізушілеріне қатысты талап күшейтілді. Мәжіліс тиісті заңды да қабылдады. Сенат мақұлдаса, оны президентке жібереді. Sputnik Қазақстан заңның негізгі талаптарын ұсынады.
Жүргізуші куәлігі болуы шарт Бұдан былай заң бойынша электрсамокаттар жүру жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейінгі көлік құралдарына жатады. Онымен велосипед жолағымен де, жолдың жиегімен де шектеусіз жүруге болады. Сонымен қатар электр самокаттарға жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне рұқсат етіледі.
Негізгі талаптар:
электрсамокат жүргіушісінің 16 жасқа толуы (жолдың жиегімен жүретіндер);
басқа шлем тағу (жолдың жиегімен жүретіндер);
жарық шағылыстыратын киімнің болуы;
кез келген санаттағы жүргізуші куәлігін алу (жолдың жиегімен жүретіндер);
фар жарығының болуы;
Самокатпен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Тротуарларда жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмау қажет. Ал жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өту керек.

Айыппұлдың көлемі қандай

Электрсамокатпен жүретін адамның басында шлем, ал үстінде жарық шағылыстыратын элемент болмаса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оған ескерту жасалады немесе 3 АЕК (биыл – 10 350 теңге) айыппұл салынады.
Жолаушылар мен жүктерді тасуға қатысты шектеу бұзылса, 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Тротуармен жүретін электрсамокаттың жылдамдығын анықтау қиын. Дегенмен сағатына 6 шақырым шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең.
Сондықтан тәртіп бұзушыны сырттай көзбен анықтауға болады. Бұдан бөлек, полицияда жылдамдықты анықтайтын "Кибер-шериф" жылжымалы кешендері бар. Соның көмегімен нақты жылдамдықты тіркеуге мүмкіндік бар. Кәмелетке толмаған балалар мінген электросамокат жол апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-анасы жауапқа тартылады.

Мопед пен электрсамокатқа қатысты шектеулер

Заң бойынша мопед пен электрсамокат мінетіндерге велосипедшілермен бірдей шектеу белгіленген. Жол жүру ережесіне сәйкес, бірнеше талапты қатаң сақтауы қажет. Оны бұзған жағдайда айыппұл салынады.
Негізгі шектеулер:
ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;
жолаушы тасымалдауға (велосипед пен мопедтердерде арнайы орын болуы шарт);
ұзындығынан немесе енi жағынан 0,5 метрге артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға;
велосипед жолағы болғанда жолмен жүруге;
трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;
велосипедпен немесе мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтер мен велосипедтерді, сондай-ақ электрсамокаттарды сүйретуге тыйым салынады;
Сондай-ақ велосипед жолағы мен жол қиылысқан жерде бағдаршам болмаса, көлікке жол беру керек.

Алматыдағы пилоттық жоба

Биыл наурыз айында Алматы қаласының полициясы "Сергек" арқылы мопедпен жүретін курьерлерді бақылау бойынша пилоттық жобаны қолға алғна болатын. Соның аясында курьерлікпен айналысатын барлық компаниялардың жеткізу қызметкерлері туралы ақпарат арнайы базаға енгізіледі.
"Әр жеткізу қызметінің өкіліне жарықпен шағылысатын номер тағайындалады. Сол номер арқылы оның қозғалысы "Сергек" камераларымен қадағаланады. Жоба жол-көлік оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді", - деді Sergek Development компаниясының өкілі Нұрбол Әміржан.
Пилоттық жоба әзірге профилактикалық мақсатта қолға алынды. Заң күшіне енгеннен кейін талап та күшетіледі.
Жаңалықтар
0