https://sputnik.kz/20230908/almatyda-kasipkerlerdi-qoldauga-arnalgan-qanday-sharalar-bar-38293499.html
Грант, несие: Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай шаралар бар
Грант, несие: Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай шаралар бар
Sputnik Қазақстан
Барлығы 375 адам грант алады деп болжанып отыр 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T15:44+0500
2023-09-08T15:44+0500
2023-09-08T15:55+0500
жеке кәсіпкерлер
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_345101924c9537d3d7d8ff210f5c33ae.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Сағындық Кенжебаев мегаполисте кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары туралы айтып берді.Спикердің мәліметінше, бүгінде мемлекеттік гранттарды 188 үміткер иеленді. 11 қыркүйектен бастап ағымдағы жылдың соңғы 3-ші ағынына өтінімдерді қабылдау басталады.Барлығы 375 адам грант алады деп болжанып отыр.Сонымен қатар, жыл басынан бері 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несие беру бағдарламасы іске қосылды. Қарыз жылдық 2,5% - бен 5 жылға дейінгі мерзімге 5 млн теңгеге дейінгі сомаға беріледі.Бұл ретте кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт. Кепіл ретінде республиканың бүкіл аумағы бойынша жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні тартуға болады.Спикердің айтуынша, бүгінде 79 жоба мақұлданды, оның 44-і қаржыландырылды.
https://sputnik.kz/20230901/kasipkerlerdi-qudalaudy-toqtatu-kerek-toqaev-quqyq-qorgau-organdaryna-eskertu-zhasady-38100596.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3a3a7741c08657a43ca67156af6803c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеке кәсіпкерлер, алматы
Грант, несие: Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай шаралар бар
15:44 08.09.2023 (жаңартылды: 15:55 08.09.2023) Барлығы 375 адам грант алады деп болжанып отыр
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Сағындық Кенжебаев мегаполисте кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары туралы айтып берді.
Спикердің мәліметінше, бүгінде мемлекеттік гранттарды 188 үміткер иеленді. 11 қыркүйектен бастап ағымдағы жылдың соңғы 3-ші ағынына өтінімдерді қабылдау басталады.
Барлығы 375 адам грант алады деп болжанып отыр.
"Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріне дейін (1 380 000 теңге) мемлекеттік гранттар беру көзделген - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады Кенжебаев.
Сонымен қатар, жыл басынан бері 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несие беру бағдарламасы іске қосылды. Қарыз жылдық 2,5% - бен 5 жылға дейінгі мерзімге 5 млн теңгеге дейінгі сомаға беріледі.
Бұл ретте кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт. Кепіл ретінде республиканың бүкіл аумағы бойынша жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні тартуға болады.
Спикердің айтуынша, бүгінде 79 жоба мақұлданды, оның 44-і қаржыландырылды.