https://sputnik.kz/20230901/kasipkerlerdi-qudalaudy-toqtatu-kerek-toqaev-quqyq-qorgau-organdaryna-eskertu-zhasady-38100596.html
"Кәсіпкерлерді қудалауды тоқтату керек": Тоқаев құқық қорғау органдарына ескерту жасады
"Кәсіпкерлерді қудалауды тоқтату керек": Тоқаев құқық қорғау органдарына ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Мұндай әрекеттерге тыйым салынған, деді президент 01.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-01T11:20+0500
2023-09-01T11:20+0500
2023-09-15T09:47+0500
кәсіпкер
қазақстан халқына арналған жолдау
қасым-жомарт тоқаев
президенттің қазақстан халқына жолдауы - 2023
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_0:51:1416:848_1920x0_80_0_0_970e00d2eae4954f8070744130aa550a.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт бизнес өкілдерімен арнайы кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінгі жолдауда мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін ерекше атап өтті. Ал мемлекеттік органдар кейде асыра сілтеп, бизнесті дамытуды тежейді.Президент құқық қорғау органдарына ескерту жасады"Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Бірақ, соған қарамастан, әлі де жалғасып жатқанын білемін. Осындай мәліметтер кейде әдейі таратылып жатады, тіпті, олар жалған болуы да мүмкін. Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.Тоқаев жуық арада еліміздің бизнес өкілдерімен арнайы кездесетінін жеткізді. Сол жерде кәсіпкерлікке қолдау көрсету, саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және бәсекелестікті дамыту мәселелері мұқият талқыланады.
https://sputnik.kz/20230220/qazaqstan-zheke-kasipkerler-biryngay-tolem-32283233.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_109:0:1308:899_1920x0_80_0_0_e6f598ca61791bf395a64d1fb134051e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер, қазақстан халқына арналған жолдау, қасым-жомарт тоқаев
кәсіпкер, қазақстан халқына арналған жолдау, қасым-жомарт тоқаев
"Кәсіпкерлерді қудалауды тоқтату керек": Тоқаев құқық қорғау органдарына ескерту жасады
11:20 01.09.2023 (жаңартылды: 09:47 15.09.2023) Мұндай әрекеттерге тыйым салынған, деді президент
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт бизнес өкілдерімен арнайы кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі жолдауда мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін ерекше атап өтті. Ал мемлекеттік органдар кейде асыра сілтеп, бизнесті дамытуды тежейді.
"Сондықтан экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет. Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекетке қатысты істер туралы болып отыр. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Президент құқық қорғау органдарына ескерту жасады
"Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Бірақ, соған қарамастан, әлі де жалғасып жатқанын білемін. Осындай мәліметтер кейде әдейі таратылып жатады, тіпті, олар жалған болуы да мүмкін. Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Тоқаев жуық арада еліміздің бизнес өкілдерімен арнайы кездесетінін жеткізді. Сол жерде кәсіпкерлікке қолдау көрсету, саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және бәсекелестікті дамыту мәселелері мұқият талқыланады.