https://sputnik.kz/20230906/zhetisu-oblysynda-naresteni-urlap-ketken-er-adam-ustaldy--sabi-ali-tabylgan-zhoq-38230001.html
Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды – сәби әлі табылған жоқ
Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды – сәби әлі табылған жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр. Тәртіп бұзушы ұсталды... 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T11:41+0500
2023-09-06T11:41+0500
2023-09-06T11:41+0500
жетісу облысы
сәби
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15496039_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_c929ea13bdb4b6c47229205aecacf9a4.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр. Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал сәбиді екі қаланың полицейлері іздеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Осы оқиға туралы ақпарат "НеМолчи.кз" қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Дина Тәңсәрінің айтуынша, жас келіншек 8 айлық ұлын таба алмай жатыр. Оны әкесі жасырын жерде ұстап отыр. Бұған дейін ер адам әйелі мен енесін ұрғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.Жетісу облыстық полиция депаратменті ер адамның қамауға алынғанын растады. 31 тамызда Қаскелен қаласының 39 жастағы тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды."Ол Талдықорғанда тұратын 33 жастағы әйелі мен енесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұсталған болатын", - дейді полицейлер.Ал қыркүйектің басында әйелі Талдықорған қалалық полиция бөліміне арыз түсіріп, 8 айлық сәбиін тауып беруді сұрады. Оның айтуынша, 12 тамызда күйеуі жанжал шығарып, сәбиді алып кеткен.Қазіргі кезде нәрестені Талдықорған мен Қаскелен полицейлері іздестіріп жатыр.
https://sputnik.kz/20230116/zhambyl-oblysynda-zhogalgan-2-zhasar-bala-meshitten-tabyldy-31144520.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15496039_83:0:2814:2048_1920x0_80_0_0_416bb60a64c7215be30cac8e01543643.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, сәби
Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды – сәби әлі табылған жоқ
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр. Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал сәбиді екі қаланың полицейлері іздеуге кірісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Осы оқиға туралы ақпарат "НеМолчи.кз" қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Дина Тәңсәрінің айтуынша, жас келіншек 8 айлық ұлын таба алмай жатыр. Оны әкесі жасырын жерде ұстап отыр. Бұған дейін ер адам әйелі мен енесін ұрғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.
"Сәби табылмай жатыр. Оны бір жерге тығып қойған. Қаскелен мен Талдықорғар полициясын, прокуратураны және балалар омбудсменіен тиісті шара қабылдап, анасына нәрестені қайтарып беруді сұраймыз", - дейді Таңсәрі.
Жетісу облыстық полиция депаратменті ер адамның қамауға алынғанын растады. 31 тамызда Қаскелен қаласының 39 жастағы тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
"Ол Талдықорғанда тұратын 33 жастағы әйелі мен енесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұсталған болатын", - дейді полицейлер.
Ал қыркүйектің басында әйелі Талдықорған қалалық полиция бөліміне арыз түсіріп, 8 айлық сәбиін тауып беруді сұрады. Оның айтуынша, 12 тамызда күйеуі жанжал шығарып, сәбиді алып кеткен.
Қазіргі кезде нәрестені Талдықорған мен Қаскелен полицейлері іздестіріп жатыр.