https://sputnik.kz/20230116/zhambyl-oblysynda-zhogalgan-2-zhasar-bala-meshitten-tabyldy-31144520.html
Жамбыл облысында жоғалған 2 жасар бала мешіттен табылды
Жамбыл облысында жоғалған 2 жасар бала мешіттен табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының Қаратау қаласында жоғалған 2 жасар бала мешіттен аман-есен табылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция... 16.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-16T12:21+0500
2023-01-16T12:21+0500
2023-01-16T12:21+0500
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_2fdaf85f6ee58feb75b1c627a51aae82.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының Қаратау қаласында жоғалған 2 жасар бала мешіттен аман-есен табылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 15 қаңтарында Қаратау қаласының полициясына 2 жасар баланың үйінен жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Баланың анасы оны әжесімен бірге қалдырып, дүкенге кеткенін, ал қайтып келгенде оны үйінен таппағанын айтқан.Осы дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен (Адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеу басталды.Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы жедел түрде іздестіру іс-шараларын жүргізуге Қаратау қаласына барды.Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала мешіттен табылып, Талас ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында баладан ешқандай жарақат анықталған жоқ.Баланың анасы үйде болмаған кезде әжесінің таныстары пәтерге келіп, алкоголь ішкенi белгілі болды. Баланың қатты жылағанын естіген пәтер қонақтарының бірі қатты мас күйінде оны көрпеге орап, жақын маңдағы мешітке апарған.Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_82:0:1910:1371_1920x0_80_0_0_aaff0e8db97860ce2038046a1e1c0dd3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының Қаратау қаласында жоғалған 2 жасар бала мешіттен аман-есен табылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 15 қаңтарында Қаратау қаласының полициясына 2 жасар баланың үйінен жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Баланың анасы оны әжесімен бірге қалдырып, дүкенге кеткенін, ал қайтып келгенде оны үйінен таппағанын айтқан.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен (Адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы жедел түрде іздестіру іс-шараларын жүргізуге Қаратау қаласына барды.
"Хабарлама түскен сәттен біз баланы іздеуге кiрiстiк. Iздестiру шараларына 80 полиция қызметкері, 50-ден астам ерікті және ауданның қамқор тұрғындары жұмылдырылды. Біз қаланың әр бұрышын аралап, барлық жертөле мен үйлердің шатырын қарадық. Ең басты тiлегiмiз баланы тірі және сау табу болды", - деді Талас АПБ ЖПҚб кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Жанғали Көпжасаров.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала мешіттен табылып, Талас ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында баладан ешқандай жарақат анықталған жоқ.
Баланың анасы үйде болмаған кезде әжесінің таныстары пәтерге келіп, алкоголь ішкенi белгілі болды. Баланың қатты жылағанын естіген пәтер қонақтарының бірі қатты мас күйінде оны көрпеге орап, жақын маңдағы мешітке апарған.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.