https://sputnik.kz/20230906/sport-mektebinin-zhattyqtyrushysy-esirtkimen-ustaldy-38226706.html
Спорт мектебінің жаттықтырушысы есірткімен ұсталды
Спорт мектебінің жаттықтырушысы есірткімен ұсталды
Sputnik Қазақстан
Тергеу барысында оның балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқаны анықталды 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T08:57+0500
2023-09-06T08:57+0500
2023-09-06T08:57+0500
есірткі
спортшы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:262:2730:1798_1920x0_80_0_0_d3ae2efa1f0d4b7d5b62c4e68e271691.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласында спорт мектебінің жаттықтырушысы есірткімен ұсталды. Полиция аса ірі көлемде есірткі сақтау мен сату, бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.Аршалы ауданының 37 жастағы тұрғыны арнайы операция кезінде ұсталды. Астанада тұратын ер адам қаладан шығып бара жатқанда Жібек Жолы кентінің маңында құрықталды. Көлік багажында картон қорап табылды. Ішінен 40 келіге жуық гашиш шықты. Тергеу барысында оның балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқаны анықталды.Сол күні оның сыбайласы да ұсталды. Гаражынан 15 келден астам есірткі заты табылды. Екеуі де есірткі заттарының көтерме саудасымен айналысқан. Олардан үлкен сомада ақша, банк карталары мен бірнеше шетелдік көліктер де тәркіленді.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса ірі мөлшерде адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
https://sputnik.kz/20230906/turmede-otyrgan-mynnan-astam-adam-esirtkige-taueldi---ministrlik-38225970.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_310b4f746d28d1d5eba3d3b333d67a91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, спортшы
Спорт мектебінің жаттықтырушысы есірткімен ұсталды
Тергеу барысында оның балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқаны анықталды
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласында спорт мектебінің жаттықтырушысы есірткімен ұсталды. Полиция аса ірі көлемде есірткі сақтау мен сату, бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Аршалы ауданының 37 жастағы тұрғыны арнайы операция кезінде ұсталды. Астанада тұратын ер адам қаладан шығып бара жатқанда Жібек Жолы кентінің маңында құрықталды. Көлік багажында картон қорап табылды. Ішінен 40 келіге жуық гашиш шықты. Тергеу барысында оның балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқаны анықталды.
Сол күні оның сыбайласы да ұсталды. Гаражынан 15 келден астам есірткі заты табылды. Екеуі де есірткі заттарының көтерме саудасымен айналысқан. Олардан үлкен сомада ақша, банк карталары мен бірнеше шетелдік көліктер де тәркіленді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса ірі мөлшерде адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.