ЕАЭО диқандары ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін ұлғайтты

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуҚұс фабрикасы
Құс фабрикасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылы қаңтар-шілде айларында Еуразиялық экономикалық одақта өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 1,8 процентке артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияға сілтеме жасап.
Әсіресе, Қазақстан, Беларусь пен Ресейде жоғары өсім тіркеліп отыр. ЕАЭО-да мал шаруашылығы саласының негізгі өнімдері: мал мен құс еті 2,4 процентке, сүт 3,2 процентке, ал жұмыртқа өндірісі 1,6 процентке өсті.
Мал мен құс етін өндіру саласындағы өсім Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекетінде (Армения бойынша мәліметтерді есепке алмағанда) тіркелді. Ал жұмыртқа өндірісінің ең жоғары көлемі Қырғызстанда байқалды. Беларусьте бұл көрсеткіш керісінше төмендеп кетті.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
ЕАЭО елдерінің барлығында жалақы өсті
Жаңалықтар
0