ЕАЭО елдерінің барлығында жалақы өсті

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Ең жоғарғы өсім Армения мен Қырғызстанда тіркелді
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. ЕАЭО елдерінің барлығында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жалақы өсті, деп хабарлайды ЕЭК.
Орташа айлық номиналды және нақты жалақы қаңтар-шілде айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бәрінде өскен.
Орташа нақты жалақының ең жоғарғы өсімі Армения мен Қырғызстанда тіркелді (114,7% және 114,6%). Қазақстанда бұл көрсеткіш барлық одақтас елдердің ішіндегі ең төмен - 100,2%.
Қырғызстандағы орташа номиналды айлық жалақы - 31,9 мың сом (168 389 теңге), Ресейде - 70,2 мың рубль.
Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Ресейден кейін екінші орында. Елдегі орташа жалақы 352 237 теңге.
Пекарь сыплет муку на стол  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2023
ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы биыл 3,4%-ке төмендеді
Жаңалықтар
0