https://sputnik.kz/20230906/deputat-zhambyl-oblysyndagy-su-tapshylygyna-baylanysty-tergeu-zhurgizudi-talap-etti-38238249.html
Депутат Жамбыл облысындағы су тапшылығына байланысты тергеу жүргізуді талап етті
Депутат Жамбыл облысындағы су тапшылығына байланысты тергеу жүргізуді талап етті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында шаруалардың сусыз қалуына байланысты қызметтік тергеу жүргізуді талап етті, деп хабарлайды... 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T13:46+0500
2023-09-06T13:46+0500
2023-09-06T13:46+0500
депутат
су
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/1103/79/11037991_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_120d52459959a600d9c7f67497066d11.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында шаруалардың сусыз қалуына байланысты қызметтік тергеу жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Гүлдара Нұрымова биыл оңтүстік өңірдің шаруа қожалықтары судан тарыққанын еске салды. Салдарынан Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланған."Қазсушар облыста қолданыстағы суармалы жерлерді ағын сумен қамтуды жақсарту үшін 2019 жылдан Халықаралық қаржы институттарының несиесі есебінен жалпы құны 40,0 млрд теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырып бастаған. Бұл екі жоба 2021 жылы бітіп, жалпы 114 мың гектар алқапты сумен қамтуы керек еді. Алайда жобалау-сметалық құжаттаманың сапасыз әзірленуіне, жауапсыз мердігерлердің жұмысына және "Қазсушар" кәсіпорны тарапынан бақылаудың әлсіздігіне байланысты жобалардың аяқталуы биылғы желтоқсанға ауыстырылған. Жұмыстың уақытылы аяқталатыны үлкен күмән туғызады", - дейді Нұрымова премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында.Бұған қоса, оның айтуынша, атқарылған жұмыстардың сапасы сын көтермейді. Бүгінгі таңда жобалар аясында жоспардағы 54 мың гектардың тек 34 мың алқабы ғана ағын сумен қамтылған. Жауаптылардың салғырттығы салдарынан 20 мың гектарға жуық жерді иеленіп отырған шаруалар шығынға батып жатыр.Сондай-ақ Нұрымова ағын суды алу бойынша қырғыз билігімен жүргізілген келіссөздердің уақытылы жасалмағаны және нәтижесіз болуы су тапшылығын ушықтырып отырғанын атап өтті.Ол мұндай өрескел кемшіліктердің болуы салаға жауапты тұлғалардың тиісті құқықтық жауапқа тартылмауының салдары деп санайды."Бұл кемшіліктер кез келген салада қайталануы мүмкін. Сондықтан осы мәселе бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, тиісті тұлғалар жауап беруі тиіс", - деп мәлімдеді Нұрымова.
https://sputnik.kz/20230817/zhambyl-oblysyndagy-qurgaqshylyq-sharualarga-kelgen-shygyn-3-mlrd-tengeden-asady-37736569.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1103/79/11037991_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c8ff6d827e2945c824ffe3df3451bf9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, су, ауыл шаруашылығы
депутат, су, ауыл шаруашылығы
Депутат Жамбыл облысындағы су тапшылығына байланысты тергеу жүргізуді талап етті
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында шаруалардың сусыз қалуына байланысты қызметтік тергеу жүргізуді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Гүлдара Нұрымова биыл оңтүстік өңірдің шаруа қожалықтары судан тарыққанын еске салды. Салдарынан Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланған.
"Қазсушар облыста қолданыстағы суармалы жерлерді ағын сумен қамтуды жақсарту үшін 2019 жылдан Халықаралық қаржы институттарының несиесі есебінен жалпы құны 40,0 млрд теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырып бастаған. Бұл екі жоба 2021 жылы бітіп, жалпы 114 мың гектар алқапты сумен қамтуы керек еді. Алайда жобалау-сметалық құжаттаманың сапасыз әзірленуіне, жауапсыз мердігерлердің жұмысына және "Қазсушар" кәсіпорны тарапынан бақылаудың әлсіздігіне байланысты жобалардың аяқталуы биылғы желтоқсанға ауыстырылған. Жұмыстың уақытылы аяқталатыны үлкен күмән туғызады", - дейді Нұрымова премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында.
Бұған қоса, оның айтуынша, атқарылған жұмыстардың сапасы сын көтермейді. Бүгінгі таңда жобалар аясында жоспардағы 54 мың гектардың тек 34 мың алқабы ғана ағын сумен қамтылған. Жауаптылардың салғырттығы салдарынан 20 мың гектарға жуық жерді иеленіп отырған шаруалар шығынға батып жатыр.
"Олардың шығынын өтеу бойынша үкіметтен бөлінетін қаржы әр зардап шеккен шаруаға әділ түрде жетуі керек. Бұл қалай қадағаланады? Ал шаруаларды сумен қамтуға қатысты сырттан алынған қарыздарды қалай және кім өтейді? Бұл мәселеге нақты кім жауапты?", - деп сұрады депутат.
Сондай-ақ Нұрымова ағын суды алу бойынша қырғыз билігімен жүргізілген келіссөздердің уақытылы жасалмағаны және нәтижесіз болуы су тапшылығын ушықтырып отырғанын атап өтті.
Ол мұндай өрескел кемшіліктердің болуы салаға жауапты тұлғалардың тиісті құқықтық жауапқа тартылмауының салдары деп санайды.
"Бұл кемшіліктер кез келген салада қайталануы мүмкін. Сондықтан осы мәселе бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, тиісті тұлғалар жауап беруі тиіс", - деп мәлімдеді Нұрымова.