Жамбыл облысындағы құрғақшылық: шаруаларға келген шығын 3 млрд теңгеден асады
© www.flickr.com/photos/karimmassimov/степь - рекадр
© www.flickr.com/photos/karimmassimov/
Жазылу
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысындағы құрғақшылықтан шаруаларға келген шығын көлемі 3 млрд теңгеден асады. Бұл туралы бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды КТК.
Ал тіршілік нәрінің тапшылығынан қураған алқаптардың көлемі 8 мың гектарға жуықтайды. Әкімдіктің сөйлеткен сандары әлі де өсуі мүмкін. Өйткені анықтау жұмыстары аяқталған жоқ. Аграрлық аймақ саналатын Жамбылда жақын арада төтенше жағдай жарияланады. Тек содан кейін ғана диқандарға өтемақы төленеді.
"Комиссия барған кезде көзбен көреді. Фото-видеофиксация жасайды. Одан көршілес отырған шаруаның дәлелі болу керек. Негізі акт жасалады. Сол актда қандай дақылдар, қанша алқап зардап шеккені көрсетіледі", - дейді Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков.
Жамбыл облысындағы қуаңшылық оңтүстік өңірлерге салдарын тигізбей қоймайды дейді сарапшылар. Жиын-терін маусымы жоспардағыдай жүрмегендіктен көрші облыстар мен Алматы қаласындағы көкөніс құны қымбаттайды дейді.

Ал ағын су мәселесін шешу үшін мемлекет шаруа қожлықтарға тамшылатып суару технологиясын алуға көмек беру керек. Климат құбылмалы болғандықтан Қазақстан барлық жағдайға дайын болу қажет деп дабыл қағады экономистер.
"Жамбылдағы шаруалардың басым бөлігі картоп егеді. Ал қуаңшылықтан қатты қиналып отырған Қордайда биыл пияз, сәбіз секілді өнімдер күйіп кетті. Бұл аудан Алматы қаласына жақын болғандықтан жылда өнімдерін сонда жеткізетін. Енді биыл бұл көкөністер көлемі аз болғандықтан бағаның аспандауы ықтимал. Сондай-ақ ағын судың салдары мал шаруашылығыны да әсер етіп, жем-шөптің құны қымбаттауы мүмкін", - дейді экономист Арман Байғанов.