https://sputnik.kz/20230906/biyl-53-bala-suga-batyp-ketti-ministrlik-shomylu-mausymynyn-qorytyndysyn-zhariyalady-38227528.html
Биыл 53 бала суға батып кетті: министрлік шомылу маусымының қорытындысын жасады
Биыл 53 бала суға батып кетті: министрлік шомылу маусымының қорытындысын жасады
Sputnik Қазақстан
Жаз мезгілінде құтқарушылар судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T09:31+0500
2023-09-06T09:31+0500
2023-09-06T09:32+0500
шомылу маусымы
https://sputnik.kz/img/1443/78/14437816_0:0:1033:581_1920x0_80_0_0_0f623f359b23dca6cfbbf1304d080246.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Биылғы шомылу маусымында 177 адам суға батып кетті, оның 53-і бала, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Министрлік биылғы шомылу маусымының қорытындысын жариялады. Ресми түрде суға түсу маусымы 3 айға созылады - 1 маусымнан 31 тамызға дейін.Жаз мезгілінде құтқарушылар судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды.Айта кетері, өткен шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті, соның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала бар.Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған."Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күшін асыра бағалау, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау. Ал балалардың суға батуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы", - дейді ведомстводағылар.Жалпы республика бойынша суда жаппай демалуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, суға түсуге тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.
https://sputnik.kz/20230822/turkistan-oblysynda-11-adam-suga-batyp-ketti--oqiganyn-man-zhayy-belgili-boldy-37844352.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1443/78/14437816_128:0:903:581_1920x0_80_0_0_68f50a39a8a1c544f15bb921eafa73df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шомылу маусымы
Биыл 53 бала суға батып кетті: министрлік шомылу маусымының қорытындысын жасады
09:31 06.09.2023 (жаңартылды: 09:32 06.09.2023) Жаз мезгілінде құтқарушылар судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Биылғы шомылу маусымында 177 адам суға батып кетті, оның 53-і бала, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрлік биылғы шомылу маусымының қорытындысын жариялады. Ресми түрде суға түсу маусымы 3 айға созылады - 1 маусымнан 31 тамызға дейін.
Жаз мезгілінде құтқарушылар судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды.
"Суға шомылу маусымы басталмас бұрын және оны өту кезінде тұрғындармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар суға батып кетті", - делінген хабарламада.
Айта кетері, өткен шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті, соның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала бар.
Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған.
"Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күшін асыра бағалау, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау. Ал балалардың суға батуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы", - дейді ведомстводағылар.
Жалпы республика бойынша суда жаппай демалуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, суға түсуге тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.
Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.