Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті – оқиғаның мән-жайы белгілі болды

© Photo : Акимат Туркестанской области11 человек утонули в реке Сырдарья
11 человек утонули в реке Сырдарья - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
Бес бала мен алты ересек адам Сырдария өзеніне батып кетті
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Сырдария өзеніне батып кеткен адамдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Түркістан облыстық әкімдігіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 21 тамызда кешкі сағат 18:00-дің кезінде Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған. Шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ауы – ересектер. Барлығы тыйым салынған жерде шомылған.
© Photo : Акимат Туркестанской области11 адам Сырдария өзеніне батып кетті
11 человек утонули в реке Сырдарья - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Соңғы ақпаратқа сәйкес, суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды. Іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі – жасөспірімдер. Суға батып кеткендердің барлығы – Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайғылы жағдай болған жерде судың ағысы қатты. Ал жағада саз бен балшық көп.
Туыстар тойдан шыққан соң демалу үшін өзен жағасына тоқтаған. Қайтыс болған адамдар суға түсіп те үлгермеген. Алдын ала мәлімет бойынша бір адам сүрініп суға құлаған соң өзгелері оны құтқарып қалғысы келген. Алайда олар да батып кеткен.
© Photo : Акимат Туркестанской области11 человек утонули в реке Сырдарья
11 человек утонули в реке Сырдарья - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
11 человек утонули в реке Сырдарья
"Құтқарушылар мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы бұл жерге түсуге болмайтыны туралы жан-жақты ескерту жұмыстарын жүргізген. Анықталғандай, мұндай түсіндіру жұмыстарына дәл осы әулет те қатысқан. Алайда рұқсат етілмеген орында шомылудың зардабы мен сақтық шараларын ескермеудің салдары осындай жағдайға ұласып отыр", - дейді әкімдік мамандары.
Қазіргі кезде оқиға орнында жүздеген құтқарушы жүр. Әкімдіктің жанынан арнайы штаб құрылды. Жедел желінің телефоны: 8-7253-357881.
Әкімдік атап өткендей, суға батып кеткен адамдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Сырдарья - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Түркістан облысында бір әулеттің 11 адамы суға кетті: сегізінің денесі табылды
Жаңалықтар
0