Қазақстанда 309 адам банкрот деп танылды

CC0 / / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Банкрот болған адамға бес жыл бойы жаңа кредит алуға тыйым салынады
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 309 адам банкрот деп танылды. Олардың жалпы берешегі 435 млн теңгені құрайды.
Кірістер комитеті таратқан мәліметке сәйкес, барлығына 14-14 қызметінен соттан тыс банкроттық рәсімнің аяқталғаны және банкрот деп танылғаны туралы sms-хабарлама жіберілген. Сондай-ақ олар туралы ақпарат eGov порталында орналастырылды.
Банкрот деп танылған азаматтардың 22-сі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болса, 232-сі бес жылдан астам кредитін өтей алмай жүріпті.
"Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 40 жасты құрайды. Бүгінде банкротқа ұшырағандардың ең жасы 1 миллион теңгеден астам қарызы бар Қызылорда облысының тұрғыны, ол 23 жаста. Ал ең қарт банкрот болған азамат Маңғыстау облысында тұрады, 65 жаста, оның 3 миллион теңгеден астам қарызы есептен шығарылады. Бұл азаматтар ауыр қарыздан құтылды", - дейді салықшылар.
Осы орайда мамандар банкроттықтың салдары бар екенін еске салды. Одан өткен адамға бес жыл бойы жаңа кредит алуға тыйым салынады. Оған қоса, үш жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Қоғам
Депутат кейбір азаматтардың букмекерге бәс тігуіне заңмен тыйым салуды ұсынды
Жаңалықтар
0